1.Ұйымдастыру кезеңі
2. «Миға шабуыл» кезеңі.
А) Өлең жолдарын оқып, «Кім? Не? Қашан? Неге?» деген сұрақтарға жауап іздейді, өлеңнің тәрбиелік мәніне тоқталады.
Арғымаққа міндім деп
Артқы топтан адаспа!
Күнінде өзім болдым деп
Кеңпейілге таласпа!
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа!
Ғылымым жұрттан асты деп
Кеңессіз сөз бастама!
Жеңемін деп біреуді
Өтірік сөзбен қостама!
Б) «Хан, жырау, халық мүддесі, жер мәселесі, » тірек сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді және сабақ тақырыбын болжайды.
Сабақтың басы Бекболат Тлеуханов «Қайран менің Еділім!» https://www.youtube.com/watch?v=hgzO7rD9kdI
Сабақтың ортасы
10 минут
5 минут
15 минут
3 минут
3. «Мағынаны тану» кезеңі. Б.Тілеухановтың орындауындағы Қазтуған жыраудың «Қайран менің Еділім!» толғауын (57 секундынан бастап) тыңдайды.
Проблемалық сұрақтар қойылады. Толғауда автордың айтқысы келген ойы?
«Қайран менің Еділім» деген жолдар неліктен жиі қолданылып тұр?
Толғауда қандай мәселе қозғалған?
Оқылым. Қазтуған жырау туралы қысқаша ақпаратпен танысады.
Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы - ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың ХV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. ХV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді.