Сабақтың тақырыбы Б. Мұқай. «Өмірзая» романы. Педагогтің аты-жөні


ҚБ тапсырмасы: Оқулықтан «Өмірзая» 1-бөлімін оқытып, кездескен кейіпкерлерді дәптерге түсіргізу, образдар жүйесіне талдату, композиялық жанрына ажырату



бет2/3
Дата08.11.2023
өлшемі65,12 Kb.
#190163
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Б. Мұқай Өмірзая романы 11 сынып

ҚБ тапсырмасы: Оқулықтан «Өмірзая» 1-бөлімін оқытып, кездескен кейіпкерлерді дәптерге түсіргізу, образдар жүйесіне талдату, композиялық жанрына ажырату.


2-тапсырма. «Шығарма кестесі» арқылы талдау.
Шығарманың атауы-
Авторы-
Тақырыбы-
Идеясы-
Жанры-
Кейіпкерлері-
Оқиға болған жер-
Оқиғаның шешімі-
Дескриптор:

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

  • Шығарманың жанрын анықтайды;

  • Шығарманың композ.талдау құрылысына талдайды;

  • Кейіпкерлерге өзіндік тұрғыдан баға береді

  • Оқиға болған жер мен оқиғаның шешімін анықтайды

КБ: «Дұрыс-Бұрыс» әдісі. Өзара бағалау.
Ауызша кері байланыс беріледі.

Түсіну, білу

Сұрақтарға жауап береді


Өз ойларын айтады.


Түсіну

Оқушылар бейнежазба негізінде сұрақтарға алма кезек жауап береді




Қолдану, талдау
Повестегі обзаздар бейнесін сызбаға түсіріп дескрипторға сай жазып, мұғалімге тексереді

Жауаптарына байланысты бағаланады.




Өзара бағалау.

https://onlinemektep.



Сабақтың соңы
5 мин


Кері байланыс. (оқушыларға жеке беріледі)
Бағалау. Оқушылар сабаққа белсенділігі мен тапсырманы дескрипторға сай орындауына сәйкес бағаланады.
Үй тапсырмасы: 59-64 аралығы оқу, мазмұнын игеру. Онлайн мектеп конспектісімен танысып шығу










Қосымша мәлімет
Жүз елу жылдық (екі жүз елу емес) отарлық кеп, әсіресе, оның екінші жарымы – орыс-совет кезеңі туған халқымыздың ұзақ шеру тарихындағы ең ауыр заман болды. Ашық, көпе-көрнеу жүргізілген геноцид – 1916 жылғы сүргін, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық. 1941-1945 – орыс-герман майданында алдыға салып, ажалға айдаған қырғын, одан соңғы, ел аман, жұрт тыныш кезеңдегі атомдық апат - өз заманында байтақ жеріне сай ордалы жұрты болған қазақ халқының табиғи өсімін кері шегереді, жер басып жүрген жұртын екі еседен артыққа кемітіп, болашақ межесін төрт-бес есеге төмен түсірді, нәтижесінде, 1898 жылғы бүкіл Ресейлік санақта әпсі Түркістан қауымының негізгі бөлігін құраған, яғни, жалғыз өзі өзбек, тәжік, түркімен, қырғыз, қарақалпақты түгел қосқандағыдан үш-төрт есе көп болған қайран қазақтың сирағы қырқылып, қанаты сынды, бір кезде осыншама ұлан-байтақ жерге лықып отырған ұлы халқымыз селдіреп, жетім, жалбағай күйге түсті. Бұдан жүз жыл бұрын, өзбек 727 мың, тәжік 350 мың, түркімен 281 мың, қырғыз 202 мың болған кезде 4 миллион 84 мыңға жеткен қазақ қазір қанша болатын еді деп ойлаудың өзі жүрегі бар азаматты қияли қылар еді. Кем дегенде отыз миллионға жетер едік. Тіпті, басқа ағайындар сияқты он, жиырма есе өспей-ақ қояйық, небәрі төрт-бес есе көбейген болсақ, қазіргі орыс-орманын қосып есептегенде он бес миллионға жетпей жатқан республикамызда кемі жиырма миллион қазақ отырар еді ғой. Тіпті, он төрт-он бес-ақ болсыншы. Алшаң басып жүрер едік. Өзіміз де басқа, ісіміз бен сөзіміз де басқа...
Бұл – қазақ мәселесінің аса мәнді бөлігі, әйтсе де, бір ғана жағы. Отарлық жүйе өндіршегіңді үзіп, өркеніңді қиюмен ғана шектелген жоқ. Ғайыптан тірі қалған, жер басып жүрген әрбір кісіңнің санасын да улады. Сені ұлттық кейіптен ғана айырып қойған жоқ, адамдық атаулыдан аластады. Сені тарихы болмаған, мәдениеті дамымаған, өзіндік қасиеттен ада хайуан дәрежесінде көрсетуге тырысты. Отаршылдық – игілік деп жарияланды. Құлдық тәртіп – бақыт болып шықты. Басқаша ойлағандар, өзінің адамдық тұрғысына ұмтылғандар, яғни, біз де кісіміз, біздің де тарихымыз, мәдениетіміз болған деп дәлелдеуге тырысқан, бас көтерген азамат тікелей жазаға тартылды. Бірте-бірте отаршылдың жарғысы бұлжымас заңға айналды, отаршылдың тәртібі әдет-ғұрыпқа айналды, отаршылдың ой-жүйесі талассыз ақиқатқа айналды. Құлдық қамытындағы жұртыңыз өзінің құл екенін сезінбейтін жағдайға жетті, мазақ пен қорлық әдепкі өмір қағидасы болып көрінді. Отаршылдықтың тікелей геноцидке жалғас ең үлкен зардабы – рухтың езілуі екен.
Танымал жазушы Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы осы құлдық сана, рухтың жанышталуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс дер едік.
Романның ой тұрғысын тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. «Азамат – құл, ару – күң», - дейді бір сөзінде. Күлтегін ескерткішіндегі, табғаш жұртының боданына түскен түрік халқы туралы айтылатын: «Ер ұлдары құл болды, ару, пәк қыздары күң болды», – деген сөз ойға оралады. Қашанда кіріптар жұрттың көретіні осы. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда, арда жұртының бостандығын сақтап қалу жолындағы қайтпас күрескер Кенесары хан туралы дәйекті зерттеу жазады. Әлбетте, ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп, идеялық қателік, ұлтшылдық адасу деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, мына қан құйылып, сал ауру болып қалады. Профессор Алдиярдың түбіне жеткен – отарлық саясаттың ұраншылары ғана емес, қиын кезеңде бас сауғалап кеткен шәкірттерінің де опасыздығы. Отарлық саясаттың ең мәуелі жемісі ретінде бодан жұртта құлдық сана қалыптасқан. Адамгершілікке жат мінездер белең алған. Жеке бастың қауіпсіздігі ғана емес, жандайшап мансапқорлық, пайдакүнемдік пен майдагерлік жетекші орынға шыққан. Кез келген кісінің қызмет бабында өсуі, адам қатарына қосылып, әдепкі тіршілік жасауы – осы, қоғамды қозғаушы үстем сананы қаншалық дәрежеде игергеніне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет