Сабақтың тақырыбы Б. Мұқай. «Өмірзая» романы. Педагогтің аты-жөні



бет1/3
Дата08.11.2023
өлшемі65,12 Kb.
#190163
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Б. Мұқай Өмірзая романы 11 сынып


Қысқа мерзімді жоспар



Мектеп

Әл-Фараби атындағы №21 МГ

Бөлім

Зобалаң заман шындығы

Сабақтың тақырыбы

Б.Мұқай. «Өмірзая» романы.

Педагогтің аты-жөні




Күні:08.11.21

Қатысқан оқушы саны: Қатыспағаны:

Сынып

11 «Ә»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
*10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

Сабақтың мақсаты



Барлық оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді;
Көпшілік оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсініп, талдау жұмыстарын жүргізе алады;
Кейбір оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді, сюжеттік желісіне өзіндік баға береді, өмірмен байланыстырады;



Бағалау критерийі

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіне алады;



Құндылықтарды дарыту



- саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіру;
- өзін-өзібағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру,
- мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру;
- өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Мультимедиялық проектор

Алдыңғы білім

Оқушылар өткен тарауларды еске түсіре отырып, тақырыппен байланысты тарауларды анықтайды. Сюжет, композиция, көріктеуіш құралдар анықтамасымен таныс.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:
– Амандасу;
Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылардың өздеріне аштыру, критерийлерімен таныстыру.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Б.Мұқай жайлы не білеміз?
2. «Өмірзая» сөзін қалай түсінесіңдер?
Әдебиет теориясы.
Сюжет-көркем шығарманың мазмұнын ашып,мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі,жолы және тәсілі.
Тартыс-өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі.

Сабаққа уақытылы қатысу




Онлайн мектеп, презентация

Сабақтың ортасы
30 минут

Жаңа сабақ .Автор туралы бейнежазба тыңдатып, тапсырма орындату.
1-тапсырма. Б.Мұқай өмірінің хронологиялық кестесін жаса.

Жылдар

Маңызды оқиғалар







«Өмірзая» романы туралы
Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.
Баққожа романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.
Баққожа «Өмірзая» романында ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазыпты. Басты кейіпкері де сол – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы отыз беске жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы... бар мінезіне тәнті боламыз. Бірақ роман үшін ғана емес, біз үшін де ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын алып жейтін тағы бір мінезі – қызбалығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет