Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Абенов Думан Муратович
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» 1-сағаты
|
Сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: (мақсаттары)
|
Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
|
Шығарманың тақырыбын анықтайды.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Шығарма мазмұнына сай сұрақтар тудырады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Шығарма идеясын талқылап, өзіндік пікір айтады.
|
Бағалау критерилері
|
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап, өзіндік пікір білдіре алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Шығарманы көркемдеп айтып үйренеді, мазмұнын өз сөзімен жеткізе біледі.
|
Пәнге қатысты лексика және терминология: мінездеме, портрет, повесть, композициялық құрылым
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қожаберген, түбінде адам болатын бала, Қара көже, енді қайталамаймын,педкеңес, лагерьге жолдама.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
1. Шығарма неліктен "Менің атым Қожа" деп аталды?
|
2. "Менің атым – Қожа" повесті бұрын қалай аталған?
|
3. Шығармада басты кейіпкер кім?
|
4. Қожа қандай бала?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Берілген ұйқаспен өлең құрастыру
|
Құндылықтарға
баулу
|
Жеке тұлғаның қоршаған ортада өмір сүру мәдениетін қалыптастырып, адамгершілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
|
Алдыңғы оқу
|
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )
|
Ресурстар
|
Басы
10 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныпта сергіту сәтін ұйымдастыру.
«Жылы сөздер» әдісі арқылы оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.
3. Қызығушылықты ояту
Оқушылар тақырыпты толық меңгеріп, шығарманың мазмұнын ашу үшін видеофильм тамашалайды.
Шығарма мазмұнына сай сұрақтар қойылады
Түрткі сұрақтар :
Шығарма кімдер жайында?
Шығармада қай кезең суреттеледі?
Оқушыларға тақырыпқа байланысты әдебиет теориясынан қосымша ақпарат ұсынылады.
Эпикалық жанр түрі – повесть.
Шығарманың негізгі ойы-жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
|
видеофильм
Оқулық
|
Ортасы
25 мин.
|
Т.Ж. 1-тапсырма.
«Сәйкестендіру тапсырмасы». Оқушыларға кейіпкер және оның іс-әрекетін бейнелейтін оқиғалар берілген. Тапсырманың мазмұны әр кейіпкерді іс-әрекетіне сәйкестендіреді.
Мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша қызығушылығын тудырып, кейіпкерлердің іс-әрекетін шығарма желісі бойынша дөп баса білу.
Қосымша 1
Кейіпкер
|
|
Оқиғалар
|
Қожа
|
|
-Неге шақырдың, Қожатай?
|
С. Майқанова
|
|
-Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе?
|
Әжесі
|
|
«Қадыров – түбінде адам болатын бала!»
|
Жантас
|
|
-Мен оқулық емес, қант аламын
|
Жанар
|
|
-Жолама, мама деуші болма мені!
|
Анасы
|
|
-Кешіріңіздер, енді қайталамаймын!
|
Дескрипторлар:__Кейіпкерлердің_іс-әрекетін_табады__Берілген_іс-әрекетті_кейіпкермен_сәйкестендіреді.___ҚБ._«Бағдаршам»'>Дескрипторлар:
Кейіпкерлердің іс-әрекетін табады
Берілген іс-әрекетті кейіпкермен сәйкестендіреді.
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі негізінде оқушылардың шығарманы қаншалықты түсініп, кейіпкердің іс-әрекетін қалай бағамдай алатыны анықталады.
ТЖ. 2-тапсырма. "Сұхбат" әдісі. Жалпы мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сұрақ дайындалады. Оқушылардың бірі шеңбердің ортасында отырады. Топ мүшелері оған өздері дайындаған сұрақтарын қояды. Сұхбат беруші сұрақтарға толық және нақты жауап береді.
Дескрипторлар:
шығарма мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.
сұраққа нақты жауап береді.
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды.
- түсіндім, - толық түсінбедім,
- - түсінбедім
|