|
1. Қожа
|
2. Тізім бойынша басынан төмен қарай сұрайтын қай мұғалім?
|
2. Жантас
|
3. Балыққа барып, «Қысқы кешті» жаттамай келген кім?
|
3. Майқанова
|
4. «Қысқы кешті» жаттамай келіп «екілік» алған кім?
|
4. Анфиса
Михайловна
| 3- тапсырма: «Салыстыру аймағы» кестесі
Салыстыру аймағы
|
Қожа
|
Жантас
|
1. Сырт келбеті
| | |
2. Мінезі
| | |
3. «Дайындықсыз келген бір күн» үзіндісінен ең
маңызды 3 әрекет
| | |
4. Кейіпкерге берілетін баға
| | |
Дескриптор: - Кестемен жұмыс жасайды;
- Кейіпкердің іс-әрекетін салыстыра алады;
- Кейіпкерге іс-әрекеті арқылы баға береді
Ықтимал жауап
Салыстыру аймағы
|
Қожа
|
Жантас
|
1. Сырт келбеті
|
Тәмпіш танау, домалақ басты, шашы тікендей, өте қайратты
|
Қоңыр көзді, көнтек ерінді, адамға жылмия қарайды
|
2. Мінезі
|
Аңғал, адал, сенгіш, қайсар, батыл,
|
Қу, өзімшіл, жігерсіз, қызғаншақ, арам, қорқақ
|
3. «Дайындықсыз келген бір күн» үзіндісінен ең
маңызды 3 әрекет
|
1. Балыққа барды
2. Сабаққа дайындықсыз келді
3. Қатты ұялды, өзіне уәде берді
| - Өтірік айтты
2. «Қысқы кеш» өлеңін жаттамады
3. «Екілік» алды
|
4. Кейіпкерге берілетін баға
|
Қожа тәртіпсіздікті әдейі жасамайды.
Аңғалдықпен, балалықпен жасап, кейін өкініп жүреді. Өте намысқой, әділ оқушы
|
Жанатас өте зымиян, қу бала. Оның бойында күншілдік, қызғаншақтық басым, іші тар, екі адамның арасына от жаққанды, жамандағанды жақсы көреді
| 4-тапсырма: Кестедегі кейіпкердің шығармадағы әрекетінің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз
Шығармада
|
Қазір...
|
Менің ендігі бір үміт артқаным қоңырау үні болды. Шіркін-ай, сол сыңғырлап, қоя берсе, жаным қалар еді-ау! Келесі жолы «Қысқы кешті» қатырып жаттап келіп, бірінші болып айтар едім.
| |
Дескриптор: - Кейіпкердін іс-әрекетін анықтайды;
- Шығарма кейіпкерінің әрекетін қазіргі өмірмен
салыстыра бағалайды
Ықтимал жауап
Шығармада
|
Қазір...
|
Менің ендігі бір үміт артқаным қоңырау үні болды. Шіркін-ай, сол сыңғырлап, қоя берсе, жаным қалар еді-ау! Келесі жолы «Қысқы кешті» қатырып жаттап келіп, бірінші болып айтар едім.
|
Қазіргі уақытта да сабаққа әр түрлі себеппен дайындалмай келетін оқушылар бар. Ондай кезде оқушы қол көтеріп, сабаққа дайындалмай келген себебін айтып, мұғалімнен кешірім сұрап, енді қайталамауға уәде береді.
| Бүгін сабақта - Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен
іс-әрекетіне талдау жасадыңыз; - Талдау негізінде кейіпкерлерді анықтап, образын сипаттадыңыз;
- Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағаладыңыз.
Қосымша тапсырма Шығармашылық жұмыс. «Егер мен Қожа болсам...»
Достарыңызбен бөлісу: |