Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Термодинамика негіздері. Жылу машиналары
|
Мектеп: Абай атындағы жалпы орта мектеп
|
Күні: 29.11.2017
|
Мұғалім: Қ.Жақсылық
|
Сынып:8АӘ
|
Қатысқаны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бақылау жұмысы
|
Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар
|
Жылу құбылыстары. Жылулық қозғалыс. Жылу мөлшері. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.
|
Бақылау жұмысының мақсаттары
|
Барлық оқушылар білуге тиісті:
Бақылау тапсырмасына байланысты есептің шешу мақсатын түсініп, жоспарын құра біледі.
|
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Термодинамика негіздерінің теңдеуіне берілген есепті шығарады.
|
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Термодинамика негіздерінің теңдеулері түрленіп, күрделі жүйеде құрылған есептерді шығарады.
|
Бағалау критерийі
|
температура, ішкі энергия, жылу берілу, жылу мөлшері, жылу сыйымдылығысияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсінуі;
дене температурасыөзгергенде, отын жанғанда, заттың агрегаттық күйлері өзгергенде бөлініп шығатын немесе жұтылатын жылу мөлшерін есептеп шығаруға арналған формулаларды қолдана білуі тиіс.
|
Тілдік мақсаттар
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас орнату, денсаулық, достық, қамқорлық құндылықтарын дамыту.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бақылау жұмысының тапсырмасын бейнепроектор арқылы ұсыну.
|
Бастапқы білім
|
Тоңазытқыштар Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Басталуы
0-2 минут
5 мин
|
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып ішіндегі тазалық пен оқушылардың сабаққа қатысымын түгендеу
ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. Сыныпта ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. Бақылау жұмысын орындауда сәттілік тілеу.
Оқушыларды екі топқа бөлу (1 және 2 нұсқа)
2. Үй тапсырмасын сұрау
Тоңазыту қондырғылары дегеніміз не?
Тоңазыту құрылғыларының құрылысы және жұмыс істеу принциптері қандай?
Тоңазыту құрылғылары қалай пайдаланылады?
Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і деген не?
Жер шарының қандай қабықшалары бар?
Қандай жағдайда планетада гидросфера болуы мүмкін?
Ай беті қандай затпен жабылған? Оның қасиеттері қандай?
Ай бетінің құрамын қалай анықтайды?
|
Тақырып бойынша дайындалған ресурстар.
|
Сабақ ортасы
|
Бақылау жұмысы
(30 мин)
|
I- нұсқа
№1. Жылулық қозғалыс деп нені атайды ?
№2. Дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін ата? Конвекция дегеніміз не?
№3. Заттың жылусыйымдылығы нені көрсетеді? Заттың агрегаттық күйлері.
№4. 20 кг ағаш көмірі түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? 250 г спирт жанғанда ше?
№5. Массасы 400 г алюминий кастрөлде температурасы 25 С болатын 1,5 л су бар. Кастрөлдегі суды 100 С- ға дейін қыздыру үшін қандай жылу
мөлшері қажет.
II– нұсқа
№1. Дененің ішкі энергиясы деп нені атайды?
№2. Жылуөткізгіштік дегеніміз не? Жылу мөлшері дегеніміз не?
№3. Жылу мөлшерін есептеп шығаруға арналған формуланы жазыңдар. Қандай құбылысты кебу деп атайды?
№4. Көлемі 2 л спирт түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? Массасы 3 т мұнай жанғанда ше?
№5. Массасы 200 г бір кесек мұздың температурасы 0 С. Осы мұзды ерітіп, онан шыққан суды қайнату үшін қанша жылу мөлшерін жұмсау керек?
|
Бақылау дәптерімен жұмыс.
АКТ (Компьютер, проектор).
|
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма беру (3 мин)
|
«Термодинамика негіздері» тарауын қайталау
|
|
Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау
көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы
қалайша түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін
тексеруді қалайша
жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс –
Денсаулық пен қауіпсіздікті
тексеру, АКТ
|
Рефлексия
- Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1.................................................................................................................................................................. 2..................................................................................................................................................................
|