Сабақтың тақырыбы: Бақытың да,байлығың да денсаулық. Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі57,06 Kb.
#35335
түріСабақ
Қызылорда облысы, Арал қаласы,

 №2 Облыстық арнайы санаториялық

мектеп-интернатының тәрбиешісі:  Кужаева Гульнур Киясовна

Сабақтың тақырыбы: Бақытың да ,байлығың да – денсаулық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелігі: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, слайдтар.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Психологиялық тренинг.

І кезең- Топқа бөлу.

ІІ кезең – «Таныстыру»(әр топ өзін таныстырады)

ІІІ кезең – «Постер қорғау» әдісі

ІV- Ой қозғау

V- Дұрыс тамақтану пирамидасын құрастыру

VІ- «Мақалдың жалғасын тап» (қазақша, орысша, ағылшынша жауап беру)

VІІ- Жарнама

VІІІ – Сергіту сәті

ІХ- Рефлексия

Қорытынды

Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер! Балалар, ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық.

І кезең- Қолдарындағы қима қағаздарда өлең жолдары жазылған, сол өлеңнің ұйқасын табу арқылы топқа бөлінеміз. Бізде 4 топ шығу тиіс. ЕНді топқа бөлініп болсақ, сабағымызды бастаймыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табу үшін мына ребусты шешу керек.

ЖарайсыңдарІ Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы –« Бақытың да, байлығың да –денсаулық» деп аталады. Адамның денсаулығы –қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында « Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен. Халқымыздың денсаулығын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Еліміздің келешегі жастардың қолында. Олар- білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, еліне адал қызмет ететін жаңа буын өкілдері. ОЛ мына отырған сіздерсіздер. Болашақта күтіп отырған ауқымды істер атқару үшін білім және мықты денсаулық керек.



ІІ кезең – Оқушылар топқа бөлініп, өздерімен таныстырып, ұрандарын айтады.

1 топ –«Денсаулық»,2топ-« Салауаттылық», 3топ- «Тазалық».

Балалар, денсаулық дегеніміз не? Денсаулықты қалай күтеміз? «Денсаулық- зор байлық деп неге айтылған? Зәулім үй, қымбат көлік, көп ақша денсаулықты ауыстырыла ма? Осының бәрі адамда болса, бірақ денсаулығы жоқ болса- ол адам бақытты ма?

Әрине, жоқ. Біздің ислам дінімізде де денсаулықты күту керек, он екі мүшең сау болса соған шүкіршілік қылып, асылық қылмауды айтқан. «Садақаны сау күніңде бер» деп, өзіңнің деніңнің сауында кемтар адамдар бар екенін ұмытпа делінген. Енді балалар мына бейне роликке назар аударайық.

«Тәубеңе кел» атты бейне ролик көрсетіледі.

Балалар, денсаулық –салауатты өмір салты туралы ғылым. Ал, салауатты өмір салтына не жатады? Әрине, спорт, таза ауа, тиімді тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.



ІІІ кезең. Спорттың пайдасы туралы «Постер қорғау» әдісі.

Балалар, денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер? Сіздер дұрыс тамақтанасыздар ма? Қандай тағамды көп , ал қандай тағамды шектуіміз керек?



ІV кезең- Ой қозғау(логикалық сұрақтар)

1.Ұлттық Тағамтану академиясының акадамигі Төрегелді Шарманов ағамыз – Рас, ата-бабаларымыз етті көп жеген. Бірақ, қазіргі заманда етті көп жемеуге кеңес берер едім, деген екен. Неліктен деп ойлайсыздар?

2.Ақ нан пайдалы ма, қара нан пайдалы ма?

3.Қытайлықтар сүт ішпейді екен.Неге деп ойлайсыздар?

Vкезең- «Дұрыс тамақтану пирамидасын» құру.

Балалар, адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50 пайызы тамақтануға байланысты екен. Тиімді тамақтану дегеніміз- тамақ ішу режимін бұзбай, күнделікті рационда ағзаға пайдалы тағамдарды пайдалану. Диетологтардың айтуы бойынша, кез келген аурудың себебі- орынсыз, артық ішкен ас. Сондықтан, қомағайланып, қатты тойып ас ішпеу керек.

Денсаулық мықты болу үшін бірінші кезекте күнделікті жеміс-жидек көп пайдалануымыз керек. Майлы ет, тәтті торттар, қуырылған, тұздалған тағамдар, газды сусындар, гамбургер және чипсы- адам ағзасына өте зиянды. Осы ретте, балалар, сіздер сияқты жас жеткіншектер газдалған сусындарға әуес. Ал, балалар, осы зиянды сусындардың орнына неге өзіміздің ұлттық сусындарымызды ішпеске? Біріншіден ұлттық сусындарымыз (шұбат,қымыз т.б) денсаулыққа пайдалы. Екіншіден- еліміздің экономикасына үлес қосамыз. Қалай? Әрқасымыз өз отандық өнімді сатып алатын болсақ, ол өнімге сұраныс жоғары болса, отандық өндіруші өнімнің санын көбейтеді, цехын, зауытын үлкейтеді, ал, ол дегеніміз- жаңадан жұмыс орындары ашылады, жұмыссыз жүрген адамдар жұмысқа орналасады, ертеңге деген сенімі артады («Отандық өнімді сатып ал» акция туралы балалармен ой бөлісу)

Пайдалы тағамдарға келетін болсақ, олар қара нан, құстың еті, сүт өнімдері т.б. Бұл тағамдар адам ағзасын түрлі дәрумендермен байытып, денсаулығының мықты болуына оң ықпалын тигізеді. Олай болса дұрыс тамақтану пирамидасын құрастырайық.



VІ кезең - Мақалдың жалғасын тап

1.Жарлының байлығы – денінің .......... (саулығы, здоровье,health)

2.Ауыр жүкті жылқы сүймес- ауру кісі ......... сүймес (күлкі, смех,laudhter)

3.Тазалық – саулық негізі, саулық - ........... негізі (байлық, богатство, wealth)

4.Бас аман болса,......... табылар (бөрік, шапка, cap)

5.Тыыста ұзақ жүргенің- ұзақ ...........сүргенің(өмір, жизнь, life)

6.Азған денеге ........ үйір(ауру, болезнь, illness)

VІІ кезең –«Уланбасын өмірің» .

Зиянды әдеттерге келер босақ, олардың адам денсаулығына кері әсер тигізетіні сөзсіз. Балалар, сіздер білесіздер ма, темекі, арақ, есірткі біздің елімізге осыдан шамамен 60-70 жыл бұрын келген. Тарихи жылнамамен есептейтін болсақ, ол көп емес. Бірақ, осы аз уақыт ішінде кең етек жайып, ғасыр дертіне айналып отыр. Болашақ ұрпақты осы зиянды әдеттерден аулақ болуды, біз, ұстаздар қауымы, үйретуден шаршамаймыз. Осы күнге дейін зиянды заттардың адамның ағзасына қауіпті екені айтылып та, жазылып та жатса да, оларды пайдаланатын адам саны азаймай отыр. Неліктен деп ойлайсыздар?

Зиянды әдеттердің алдын алу шараларын жарнамалау.

VІІІ –Сергіту сәті

ХІ- Рефлексия.

Қорытынды.

ЛҰқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, әлде даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру патшадан дені сау қайыршы бақытты. Ал, бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш жігерін халқына, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Лұқпан хакімнің жеті өсиеті:

Біріншісі- ерте тұру

Екіншісі- орта тазалығын сақтау

Үшіншісі- дене шынықтыру

Төртіншісі- үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну

Бесіншісі- үнемі сергек жүру

Алтыншысы- артық тамақ ішпеу

Жетіншісі- таза ауада серуендеу



Халқымызда «Денсаулық- сау адамның басындағы тәж , оны тек қана аурулар көреді» деген сөз бар екен,балалар. Сондықтан, өміріміз өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал. Жаңа ғасыр азаматы- дені сау, рухани бай адам.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет