Сұрақ: — Бағдаршам деген не?
— Ол қандай қызмет атқарады? 2. « Кел, танысайық!» айдары Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек. Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?
— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді) Хормен: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
( Әр топ оқушылары бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады)