Сабақтың тақырыбы: Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері. Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі30,83 Kb.
#117412
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ЖОЛДА ЖҮРУ
227035, 6 - сабақ, деңгейлік тапсырмалар, тілдік норма, Our House, сор-соч-4-класс

қыркүйек
Сабақтың тақырыбы:Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында
білімдерін толықтыру.
2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін
дамытып, түсініктерін кеңейту.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне
арналған презентация.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушыларды топқа бөлу.
(Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу)
2.Сұрақ- жауап1 топқа: Жол ережесі дегеніміз не?
2 топқа: Жол ережесін не үшін білуіміз керек?
3 топқа: Жол ережесін қалай сақтаймыз?
Мұғалім: — Ал енді «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім: 1. «Ой қозғау»


Жұмбақтар1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет