Қызылорда қаласы
Парасат мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Смайлова К.А
Сабақтың тақырыбы: Балапан торғай
Сабақтың мақсаты:
шығарманың негізгі ойын ұғындыру, құстар туралы мағлұмат беру.
ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу
адамгершілікке, ізгілікке, құстарды аялауға баулу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімеге негізделген оқу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, Вен диаграммасы
Сабақтың көрнектілігі: сурет
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыста ауа райы қандай болады?
-Ал бір күннен кейін қай жыл мезгілі келеді?
-Көктемде ауа райы қандай болады?
-Жануарларда қандай өзгерістер болады?
-Ал құстарда ше?
-Жыл құстары деп қандай құстарды айтады?
-Қандай құстар қыстап қалады?
Біздің оқитын әңгімеміз құстарға байланысты болады. Дәлірек айтсақ, балапан торғай туралы. Әңгіменің аты «Балапан торғай». Оның авторы: Б.Соқпақбаев
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді алты бөлімге бөліп, әр бөлімді оқып болғаннан кейін, сол бөлімде не туралы айтылғанын сұраймын.
Әр бөлімнен кейін: - Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?- деп сұраймын.
Бесінші бөлімді оқып болғаннан кейін, мазмұнын сұрау.
-Әңгіме қалай аяқталады?- деп ойлайсыңдар?
Алтыншы соңғы бөлімді оқу
-Әңгіме ұнады ма?
ІІІ. Сахналау
(екі бала шығады, біреуі Қожа болады, екіншісі Жантас болады)
-Жантастың ісі дұрыс па? Ол қандай бала?
-Қожанікі ше?
-Жантасқа не айтар едіңдер?
ІV. Топпен жұмыс
«Құстар біздің досымыз» тақырыбына әңгіме жазу. Оған қандай кеңес, ақыл берер едіңдер?
2- топтың тапсырмасы:
Көктем, ауа райы, құстар, қамқорлық деген тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жазу
3- топтың тапсырмасы:
Венн диаграммасын құрастыру (Жантас, Қожа)
4- топтың тапсырмасы:
Жантастың орнында болсаң, не істер едің?
V. Сергіту сәті
Ал енді ойын ойнайық.Біз құстар әр түрлі дыбыс шығаратынын білеміз. Осыған байланысты мен кез-келген құстың атын атаймын, ал сендер олардың қалай дыбыстайтынын көрсетіңдер:
Торғай – шиқ, шиқ, шиқ
Қарға – қар, қар, қар
Тоқылдақ – тоқ, тоқ, тоқ
Қораз – ку-қа-ре-ку
Құстар да билей де алады екен.
Үйректің биін билеу
VI. Қорытынды
-Кім Жантасқа ұқсағысы келеді?
-Кім Қожаға ұқсағысы келеді?
-Арамызда Жантас сияқты балалар бар ма? Осы әңгімені оқыдыңдар, не ұқтыңдар, нені үйрендіңдер?
VII. Бағалау
VIII. Үй жұмысы:
Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу
Достарыңызбен бөлісу: |