Сабақтың тақырыбы: Балапан торғай Сабақтың мақсаты: шығарманың негізгі ойын ұғындыру, құстар туралы мағлұмат беру



Дата25.12.2016
өлшемі1,56 Mb.
#4487
түріСабақ
Қызылорда қаласы

Парасат мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Смайлова К.А



Сабақтың тақырыбы: Балапан торғай

Сабақтың мақсаты:

  • шығарманың негізгі ойын ұғындыру, құстар туралы мағлұмат беру.

  • ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу

  • адамгершілікке, ізгілікке, құстарды аялауға баулу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімеге негізделген оқу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, Вен диаграммасы

Сабақтың көрнектілігі: сурет

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Ал бір күннен кейін қай жыл мезгілі келеді?

-Көктемде ауа райы қандай болады?

-Жануарларда қандай өзгерістер болады?

-Ал құстарда ше?

-Жыл құстары деп қандай құстарды айтады?

-Қандай құстар қыстап қалады?

Біздің оқитын әңгімеміз құстарға байланысты болады. Дәлірек айтсақ, балапан торғай туралы. Әңгіменің аты «Балапан торғай». Оның авторы: Б.Соқпақбаев

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді алты бөлімге бөліп, әр бөлімді оқып болғаннан кейін, сол бөлімде не туралы айтылғанын сұраймын.

Әр бөлімнен кейін: - Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?- деп сұраймын.

Бесінші бөлімді оқып болғаннан кейін, мазмұнын сұрау.

-Әңгіме қалай аяқталады?- деп ойлайсыңдар?

Алтыншы соңғы бөлімді оқу

-Әңгіме ұнады ма?

ІІІ. Сахналау

(екі бала шығады, біреуі Қожа болады, екіншісі Жантас болады)

-Жантастың ісі дұрыс па? Ол қандай бала?

-Қожанікі ше?

-Жантасқа не айтар едіңдер?

ІV. Топпен жұмыс


  • топтың тапсырмасы:

«Құстар біздің досымыз» тақырыбына әңгіме жазу. Оған қандай кеңес, ақыл берер едіңдер?

2- топтың тапсырмасы:

Көктем, ауа райы, құстар, қамқорлық деген тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жазу

3- топтың тапсырмасы:

Венн диаграммасын құрастыру (Жантас, Қожа)

4- топтың тапсырмасы:

Жантастың орнында болсаң, не істер едің?

V. Сергіту сәті

Ал енді ойын ойнайық.Біз құстар әр түрлі дыбыс шығаратынын білеміз. Осыған байланысты мен кез-келген құстың атын атаймын, ал сендер олардың қалай дыбыстайтынын көрсетіңдер:



  • Торғай – шиқ, шиқ, шиқ

  • Қарға – қар, қар, қар

  • Тоқылдақ – тоқ, тоқ, тоқ

  • Қораз – ку-қа-ре-ку

Құстар да билей де алады екен.

Үйректің биін билеу



VI. Қорытынды

-Кім Жантасқа ұқсағысы келеді?

-Кім Қожаға ұқсағысы келеді?

-Арамызда Жантас сияқты балалар бар ма? Осы әңгімені оқыдыңдар, не ұқтыңдар, нені үйрендіңдер?

VII. Бағалау

VIII. Үй жұмысы:

Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет