Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар туралы білім беру және табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету.
Білгендерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру. Ойын, тілін дамыту.
Оқшыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, көрнекіліктермен жұмыс, дидактикалық ойындар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Психологиялық дайындық.
Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (адам)
Бүгінгі сабақта біз ең ақылды, ең күшті екенімізді көрсетейік. Мен сіздерге сабаққа сәттілік тілеймін.
ІІ. Өткендіқайталау. – Дүниетану сабағында біз нені үйренеміз? (айналадағы табиғатты)
Табиғат нешеге бөлінеді? (өлі, тірі)
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Өлі табиғатқа нелер жатады?
Жануарлар нешеге бөлінеді?
Қанатты жануарларға нелер жатады?
Құстар қандай топтарға бөлінеді?
Үй құстарын ата.
Дидактикалық ойын. «Құстар қалай ұшады?».
Мақсаты: Құштардың қалай ұшатындығын ажырата білуді үйрену.
Тырналар, үйректер, қаздар қалай ұшады?
Ұсақ құстар ше?
Венн диаграммасымен жұмыс.
«Табыстыру» ойыны.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. – Бүгін біз жануарлардың бірнеше түрінің көктемгі тіршілігімен танысамыз!
Ал, қандай жануарлар екенін мына жұмбақтарды шешу арқылы білеміз.
Суда жасайды, онсыз болмайды. (балық)
Жерді де мекен етеді,
Көлді де мекен етеді. (бақа)
Бақа қай топқа жатады? (қосмекенділер)
Өзі улы, өзі шұбар,
Көрген адам өте қорқар. (жылан)
Жылан қайсы топқа жатады? (жорғалаушылар)
(тақтаға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сызбасы ілінеді)
Мақсат қою.
Қайда өмір сүреді?
Көктемгі тіршілігі?
Пайдасы қандай?
Оларға қандай қамқорлық жасай аламыз?
(деген сұрақтарға жауап беру)
Сергіту сәті. (қимылдармен әрекет ету)
Кі – кі: Бұлғалайды түлкі.
Ю – ю: Қорбаңдайды аю.
Ян – ян: Секіреді қоян.
Ыр – ыр: Ырылдайды қасқыр.
Ыз – ыз: Қонады қанқыз.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Балықтар.
Балықтар қайда тіршілік етеді?
Көтемгі тіршілігі қандай болады?
(суретін көрсету. Уылдырық жайлы түсіндіру)
Балықтардың пайдасы туралы әңгімелеу. (тамақ, медицинада дәрі – дәрмек, дәрумендер салауаттанумен байланыстыру)
Балықтарға қамқорлық.
Суға жем тастауға болады; мұз ою балықтарға ауа баруы үшін; рұқсат етілген жерде балық аулау.
Қосмекенділер.
Қосмекенділерге нелер жатады?
Неге қосмекенділер дейміз?
Қайда өмір сүреді? (суда, құрғақта)
Жұмыртқасын шашады оны уылдырық деп атаймыз. Жұмыртқадан итшабақтар өсіп өнеді, бақа пайда болады.
Бақаның пайдасы қандай? (сызба) Бақа суретін көрсету. Бақа зиянды насекомдарды жеп, біздің бау – бақшамызды тазартады. Тілдерінің ұшында жабысқақ зат арқылы жәндіктерді ұстап жейді. Ал Қытайда, Францияда бақаны тамақ ретінде пайдаланады.
Бақаға қамқорлық көрсете аламыз ба? (сызба)
Жорғалаушылар.
Неге жорғалаушылар деп атаймыз?
Қандай жорғалаушыларды білесіңдер?
(көрнекілік көрсету 18 топтама)
Жорғалаушылар қайда өмір сүреді? (суда, құрғақта)
Жорғалаушылардың көктемгі тіршілігін әңгімелеу.
Кесіртке мен жылан жұмыртқасын күннің көзі жақсы қыздыратын жерге салады. Олар көбінесе бунақденелілірмен қоректенеді.
Жорғалаушылардың пайдасы қандай? (сызба)
Жыланның уынан медицинада дәрі жасайды. Кесіртке зиянды жәндіктерді жейді. Қолтырауын өзен – көлдегі ауру балықтарды жеп, санитарлық қызмет атқарады.
Жорғалаушыларға қамқорлық көрсете аламыз ба? (сызба)
Бунақденелілер.
Бунақденелілер қайда өмір сүреді?
Олар көктемде не істейді? (қыстап жатқан жерінен шығады)
Бунақденелілер жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқадан дернәсіл шығады.
Қанқыз бен шаншар – өсімдікке пайдалы жәндіктер. Қанқыз және оның дернәсілі көбелектердің, зинды қоңыздардың жұмыртқаларын, өсімдік бітелерін жеп құртады. Шаншар жұмыртқаларын көбелек жұлдызқұртының денесіне салады.
Мұғалім: - Балалар, сендер білесіңдер ме, жылан адамды шағып алса, адам қозғалмау керек. Жылан уы денеге тарамау үшін, шаққан жерді қатты байлау керек. Адамның ауызында ауру тіс болмаса, жара болмаса уды сорып алуға болады. Тез арада дәрігерге бару керек.
Ү. Білімді пысықтау.
1. Оқулықпен жұмыс.
2. Тізбектете оқыту.
3. Дәптермен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Сонымен , біз балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың көктемгі тіршілігімен таныстық.
Дидактикалық ойын. «Кім жылдам?»
Мақсаты: білгендерін тексеру, білімдерін бақылау үшін.
Кесіртке мен жылан қалай көбейеді?
Олар немен қоректенеді?
Балық пен бақаның жұмыртқасын не деп атайды?
Балық пен бақа тіршілігінде қандай ұқсастық бар?
Бунақденелілердің қандай түрлері бар?
Олар қайда кездеседі?
Өсімдікке қандай зақым келтіреді?
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
Оқу, әңгімелеу, өздеріне ұнаған суретті салу.
№ 134 орта мектеп
Тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың
көктемгі тіршілігі.
Сынып жетекшісі: Абдиханиева К.
Сыныбы: 1
Пәні: Дүниетану
Шәкен ауылы
2013 – 2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |