Сагиндыкова А.С. - бастауыш класс мұғалімі Аққұдық О.М.
Хромтау ауданы
Аққұдық орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі
Сагиндыкова Асемгуль Сабыржановна
Дүниетану (1-3 сынып)
Өткізген: Сагиндыкова А.С.
Сабақтың тақырыбы: «Балықтар. Қосмекенділер»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың балық түрлерін білуге, саны азайып бара жатқан балықтар, балық шаруашылығы, балықты қорғау туралы түсінік беру, білімдерін арттыру.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту.
б) тәрбиелігі: Оқушылардың экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа, мейірімділікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сурет, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, слайдтар, музыка, сергіту сәті.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу
ә) оқу – құралын тексеру
Сәлемдесейік иіліп,
Жылы жүзбен жымиып.
Қызығы мол сабақта,
Ойнайық та, күлейік.!
ІІ.Психологиялық дайындық
Қорқытпаймыз құстарды
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды,
Жасамаймыз дұшпандық
III.Үй тапсырмасын тексеру:
Сөзжұмбақ:
1.Үй құсы
2.Тау құсы
3.Өте сақ құс
4.Орман дәрігері
5.Ең әдемі, сұлу құс
6.Адамдарға өте жақын жүретін құс
- Қане, балалар қандай сөз шықты (құстар)
Үй жұмысын тексеру (құстар туралы )
3-класс 1-класс
3-класс
Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Әңгімелеп бер.
Құстар туралы ауа райы болжамдарын айту
1- класс
Құстар неше топқа бөлінеді? Құстар балапандарын қалай азықтандырады?
Үй құстарын бағып-күту жөнінде әңгімеле.
Достарыңызбен бөлісу: |