Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы тапсырманы орындауын қадағалайды..
|
Оқушылар «Автор не себепті профессордың ұлының атын Сыздық деп алған? Оның
тағдыры неге маскүнемдікпен байланысты болды деп ойлайсың? Жазушы
символикалық түрде нені ишаралап отыр?» деген сұраққа жауап іздей отырып, ойталқы жасайды.
|
Дескриптор:
-Топқа бөлінеді.
-Белсенділік танытады.
-Сұрақтарға жауап береді.
Жалпы – 5 балл
|
Оқулық
|
Жұптық жұмыс.
|
Мұғалім оқушыларға тапсырма береді. Қадағалайды. Бағалайды.
|
Оқушылар романды өмірлік шындықпен үйлестіре отырып, талдайды.
|
Дескриптор:
-Өмірлік шындықпен салыстырады.
-Талдайды.
Жалпы – 5 балл.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|