Сабақтың тақырыбы: Бастауышым балбұлағым



Дата08.06.2018
өлшемі22,48 Kb.
#41314
Сабақтың тақырыбы:Бастауышым балбұлағым

Сабақтың мақсаты:білімнің сара жолы мектептен басталатын,кең дүние есік ашатынын сезіндіру ,білімге деген құштарлығын арттырып, оқуға, білімді болуға мектепті ұстаздарды құрметтеп,еңбекті бағалай білуге үйрету.

Көрнектілігі:суреттер,нақыл сөздер.

Мұғалімі:Бұл оқу-тамақ болар қарны ашқанда,Жол табар қараңғыда адасқанда.Мал озбас,біле білсең білім озар,Ақыры керек болар бір сасқанда,-деп Міржақып ақын айтпақшы,тарыдай боп кіріп,ақыл-ойлары толысып,оң мен солын танып,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткізіле отырған «Бастауышым балбұлағым»кешін бастауға рұқсат етіңіздер .Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі күн ерекше күнОсыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығынан жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен құттықтаймын!

Бесіктегі баланың,Күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,Жүргенін көрген бір мұрат,-дегендей,бұны көру де бір бақыт деп ойлаймын.Осы жолдағы менің ұстанған бағытым –тек білім беріп қана қоймай,еліміздің келешек тізгінін ұстай алатын сегіз қырлы,бір сырлы ұрпақтарды тәрбиелеу болды.Ол жағдайға толық жетпеседе ертең жететініне сенімдімін.Шәкіртеріме:денсаулықтарың мықтыболсын,ақылды,білімді,ел билейтін азаматтар болыңдар дегім келеді,Ата-аналар,балаларыңыздың бастауыштан жоғары сыныпқа өтуімен құттықтаймын.

«Таплаптарыңа нұр жаусын»деп ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.Кеше ғана біздер үшін есігін айқара ашқан мектебімізге біздер деп талай-талай қиындықтарды жеңіп,жетістіктерге қол жеткізген мектеп басшыларына және жеткіншек ұрпақтарға берген мол білімі мен тәлім-тәрбиесі үлкен жүректілігі үшін ұстаздарға мың алғыс айтамыз.

Қошкелдіңіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,Біз алаңсыз балғын мақта балдырған?

2-жүргізуші:Ау,аман ба,жарандар?

Алтын таңға қараңдар!Ерте жайлап атты таң,

Есітіліп тұр,шаттық ән.Жарағатым қуанып,Рақатын тапты жан.

Жанарлардан от шашып,Мерекеге бопты асық,Тұрмыз біздер мінекей,Бастауышпен қоштасып.

1-жүргізуші:Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәрбие алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

2-жүргізуші:Ие, бүгін бізде қуаныш,бүгін бізде үлкен той.Өйткені 4 жыл бойы білім беріп ,ой санамызды дамытқан,адалдықты,адамдыққа тәрбиелеп,білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

1-жүргізуші:Ұстаздарға бауыр басқанбыз,Айналып мектеп үйіне,-дей келе,4 жыл бойы оқу дәрісімен сусындатқан ұстаздарымызға жырдан шашу шашайық.

Нұржанат:Сөз сөйлесе жарқын-ақ,күлімдейді жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы,өсіреді ой сананы.

Біздерменен ойнап күледі,сырымызды біледі,

Қасымызда жүреді,қамқоршымыз ,ол біздің.

Хормен:Тәтей,рақмет!

1-жүргізуші:Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып әріптерді үйреткен,бізбен бірге қуанып,білім нәрімен сусындатқан ұстаз екені баршамызға мәлім.

2-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар.Ал мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі,тәлім-тәрбиесі үлкен жүрегі,мейірімі уыстап жұтқызған өмір шәрбәті-тіршілік зәмзәмі.

1-жүргізуші:Өте орынды айтасың,ендеше оқушылардың мұғалімдерге арнаған өлең жолдарына кезек берейік.

Оңғарбай:Сен менің әкемдейсің,анамдайсың,

Мен үшін армандайсың,алаңдайсың.

Ұстазым,сенен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

Эленора:Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын,

Өзіңдей болса,шіркін барлық ұстаз.

Жез таңдай,күміс көмей, сөзі алтын.

Мейірбек:Адамға деген мейірімімнің өзінен,Бойыңызда толған жылылық лебін сезінем.

Көңіліңіздегі байлықтың қайнар көзінен,

Ұлылық пен ізгілік жолы сезіледі.

Барлық оқушылардың тақпақтары.

Ән:Мектебім әні

2-жүргізуші:Сауысқанның тамағы,Шоқуменен табылған.

Өнер білім бәрі де,Оқуменен табылған,-деп Ыбырай атамыз айтқандай,осы заманда білім артық па,байлық артықпа осыған сендер қандай пікірлер қосар едіңдер?

1-жүргізуші:Балалардың пікірін тыңдап көрейік.Білім артықпа,өйткені ол-Пайғамбардан қалған мирас.

Білім іздей берсең көбейеді,оны жұмсағанмен азаймайды,байлық жұмсағаннан азаяды.Білім артық,оны ұрылардан сақтаудың қажеті жоқ,жиған дүниені ұрыдан күнде қорғау керек.

Білім артық ,өйткені ол жан дүниеңді байытады.Байлық жан дүниеңді шектейді,өзіңді тура жолдан тайдырады.

Білімді адам орнымен сөйлейді,мәдинеті артады.Байлығы көп адам оған мас болып мақтанады,астамшылық көрсетеді.Сондықтанда әрқашан білім артық.

2-жүргізуші:Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,сөзі соқпақ,өзі бар.

1-жүргізуші:Ата салты ардақты,әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,Тістерсің бір күн бармақты,-демекші біздің білгенімізден білмегеніміз,үйренгенімізден үйренеріміз көп.Енді Қария мен жас жігіттің сөзін тыңдайық.

Бала:Ата, арман деген не?

Қария:Арман деген ақыл оның шындығы, құс ұшсам дейді, бала өссем дейді,қыз көрікті болсам дейді.Арманына ақылды адаспай жетеді

Қария:Өмірде не жетім?

Бала:Ата-анасы жоқ бала жетім.

Қария:Шәкіртсіз ұстаз жетім, ақылсыз халық жетім,керісуге құмар ақылсыз жетім.осыны ұмытпа,бала!

Қария:Өмір сүру не үшін қажет?

Бала:Ата-ана тілі ғой ақыл беретін.

Қария:Жоқ,балам, ата-ана тілі ойды өсіреді.Адамға ақыл беретін адал дос.Жақсылық деген қағида осыдан қалған.

Қария:Ал, достықты нығайтатын не?

Бала:Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ,бірлік,теңдік,туыстық,бауырмашылдықты нығайтады.

Қария:Мұның дұрыс балам,есіңде болсын,шын достық ақылдыға тән қасиет.Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсізбе, кешіріңіз,рақымет,сау болыңыз» дегенді үйрен.Сәлемдесуді білген,кешірімді біледі.Жай сөз көңілді өсіреді,жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.Осыны ұмытпа!

Бала:Рақымет ата.

Балалар енді жұмбақтың шешуін тауып ,сол сөздің орысшасын айту

1.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.(Доп-мяч)

2.Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.(қоян-заяц)

3.Жүз мүйізі бар,Үстінде киізі бар.(киіз үй-юрта)

4.Сақталады алты ай жаз,

Сандығымда сары аяз(тоңазтқыш-холодильник)

Негізгі бөлім :Қызықты төрттік.Ана тілі.Шарға салынған сұрақтар:

7-ті саны киелі сан

Тапқырлық сайыс:тапсырмалары мынадай:

1.Қолыңмен істегенді.........(мойныңмен көтер)

2.Еңбек түбі...............(зейнеп)

3.Өтірікшінің құйрығы ...............(бір тұтам)

4.Білекті бірді жығады..............(білімді мыңды жығады)

5.Ер бір өледі,...................(Қорқақ мың өледі)

6.Қына басқа бітеді.............(Білім басқа бітеді)

Қортынды бөлім:

Ән,би,1.Орысша ән 2.би.қазақша 3.Әке туралы ұлдардың орындауында.Би узбек .Хор Жандосым.Би қазақша.Мұңайыма,Ана туралы.Аппақ гүлдер.

1-жүргізуші:Бастауышым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып,білім алдым,рақыметімді жаудырамын.

Бәрі:Қош бол ,Бастауыш мектеп!

2-жүгізуші:Біз барамыз артқа тастап төрт жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жан ізгі.

Пана болған,дара болған біз үшін,

Жадымыздан артық көреміз біз сізді.

Мұғалімнің қортынды сөзі:Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын.Тек биікке самғасын.

Адамның ең қызықты шағы балалық кезі.Халқымыз «адамның балалық шағы –патшаның тағы»деген «бала адамның бауыр еті» депте тегін айтпаған.Сондықтан әр баланың әкесі мен анасы қасында болып ,бақытты өмір сүруін тілеймін.




Каталог: uploads -> doc -> 1000
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1000 -> Сабақ Қазақ тілі Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері Мектеп: Подстепный қазақ жоббм күні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет