Сабақтың тақырыбы: Батырдың аты өлмейді



бет1/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,66 Mb.
#18139
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Батырдың аты өлмейді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсат: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеу, Мәлік Ғабдуллин туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсат: Оқушыларға бағыт бере отырып топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, мәтін мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу

Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды еңбекқорлыққа, елін, туған жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдісі:топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, қызығушылығын ояту Көрнеклігі:интерактивтітақта, парақшалар

Пәнаралық байланыс: ән сабағы

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық дайындық. Оқушыларды орындарынан тұрғызып,тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың сабаққа назарларын аудару

Күн нұрына алақанды созайын

Жүрегіме басып ұстай қалайын.

Нәзік, әрі жылы, әрі мейрімді

Сонда дерек болып кетержан-жағым.

Топқа бөлу. /Түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөліп отырығызылады./

-Бүгінгі сабағымыз топпен жұмыс болады.Ол үшін әр қайссың өздеріңе ұнаған түсті жұлдызшаны таңдап алыңдар.Тақтада және партада қай түс қандай топқа барып отыратыны жазылған. Сары жұлдыздар - «Алғырлар» Жасыл жұлдыздар - «Білгірлер» Тоқ сары жұлдыздар: - «Ұшқырлар» Көк жұлдыздар - «Ойшылдар » Қоңыр жұлдыздар - «Тапқырлар » -Енді арамыздан топ басшысын таңдап аламыз.Сабағымыз соңында бағаны жалпы топқа қоямын. Яғни, қызыл жұлдызша «5», жасыл жұлдызша «4», сары жұлдызша «3» болып бағаланады.

2.Үй тапсырмасын қайталау. Сұрақ-жауап / Артында сұрақтары бар қиықшалар таратып, өткен тақырыпты қайталау.Сұрақтары тақтада жазылған / - Осы оқиғада Талғат неше рет тапсырма орындап қайты? - Талғатқа тап берген истрибительге не болды? -Луганский Талғат Бегельдиновқа қандай сөздер айтты? - Осы мәтіндегі ұрыс қай жерде болды? - Талғат Бегельдинов туралы қандай мәлемет білесің?

3. Жаңа сабақ. Ой қозғау . Тақтада қиықшаларды құрастыру арқылы жұлдызша шығарады. Әр топтан 1 баладан шығып қиықтарды жылжытып қосады. - Енді әр топқа берілген қиықшаларды қосып құрастырамыз.Ол жұмысты тақтада орындайтын боламыз. - Бұл не? - Түсі қандай? - Қызыл жұлдызды ІІ Дүние жүзілік соғысында қаза тапқан ұл қыздарымыздың жалындаыр мен ұшқыны мәңгі өшпесін депосы қызыл жұлдызға балаған, әлі де балап келеді. Ендеше бүгін біз ІІ Дүние жүзілік соғысына тағы бір батырымызбен танысамыз.Кім екенін мына ребусты шешу арқылы табамыз.

4. Ребус шешу.Ойын «Кім шапшаң?» Жауабы: Мәлік Ғабдулин. - Қазір сендермен «Кім шапшаң?» ойынын ойнаймыз. Мына ребусты қай топ шапшаң шешеді екен? - Дұрыс, балалар. Бүгін біз Мәлік Ғабдуллин туралы «Батырдың аты өлмейді » деген мәтінмен танысамыз. - Мәлік Ғабдулин кім? - Мағлұмат беру.

5. Мәтінмен жұмыс Дәптерге күн мен тақырыптың аты жаздырылады.

1. Мұғалімнің оқуы

2. Сөздік жұмыс. Түртіп алу әдісімен мәтіннен таныс емес сөздер табу. Олар: «Бейтаныс» - таныс емес, бөтен «Демде» тез, жылдам

3.Тізбектеп оқу. Әр топтан бір оқушыдан мәтінді тізбектеп оқиды.

4. Сұрақ-жауап. Сұрақтар тақтада жазылып тұрады. - Мәтіннің мазмұнын ашып алу үшін мен сендерге мынандай сұрақтар дайындадым. Олар: - Мұрат пен әжесі қандай автобусқа отырды? - Мұарт пен оның әжесіне кім жол көрсетті? -Мұрат әжесіне қандай сұрақ қойды? -Әжесі Мұратқа қандай жауап айтты? - «Бірінші май» көшесін қазір қалай атайды?

6.Рөлге бөліп оқыту. Топ арасында кейіпкерлерге бөлініп мәтінді рөлге бөліп оқиды. Әр топтан бір оқушыдан оқиды.

7.Сергіту сәті Ән «Әрқашан күн сөнбесін». Өлеңнің әуеніне қосылып барлық оқушы әнді орындайды.

8. Шығармашылық тапсырма. Топтарға тапсырмалар беріледі.Тапсырмалар топ ішінде талқыланып, дәптерлеріне орындайды.Әр топтың 1-2 оқушысынан сұрақтарға жауап алынады. «Ұшқырлар» тобына: - Ұлы Отан соғысы туралы қандай киноларды білесің? «Алғырлар» тобына - Мақалды жалғастырып жаз 1.Отан отқа түс ......... 2.Батыр туса ел ....... Жаңбыр жауса ....... «Білгірлер» тобына - Қазіргі заманда кімді батыр деп айтуға болады? «Тапқырлар» тобына: - Ұлы Отан соғысындағы батырларға арнап туралы өлең құрастыр. «Ойшылдар» тобына: - «Батырларға ризамын» деген тақырыпта әңгіме жаз.

9.Қортынды: Батырдың аты өлмейді дегенді қалай түсінесің? Оқушылардан жауап алынып, оны тақтада жазады.Топтастыру

10.Бағалау.Топтарды алған жұлдызшаларына қарап бағалау

11.Үйге тапсырма: «Батырдың аты өлмейді» деген мәтінді мазмұндау.

Мәлік Ғабдуллинтуралы мәлімет жинау

ОЖСБ


2014-2015оқу жылында  Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ-нің  оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспары



Іс-шаралар

Өткізу мерзімі

Орындаушы

1.

4 сыныптарда ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу бойынша жауапты адамды тағайындау

қыркүйек

2014жыл


Садуова Ш.Б.

2.

Сырттай бақылау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізу

қыркүйек

2014жыл,


қаңтар 2015




3.

Мұғалімдер мен оқушыларды ОЖСБ бойынша нормативтік құжаттармен таныстыру

қыркүйек

2014жыл





4.

Оқушылар жайында үлгі бойынша мәліметтер жинау

қыркүйек

2014жыл





5.

ОЖСБ қатысатын  оқушылар жайында деректер базасын жасау

желтоқсан

2014 жыл





6.

4 сыныптарда ОЖСБ мәселелері бойынша оқушылармен консультациялар, сұхбаттар ұйымдастыру

қазан

2014 жыл


 




7.

2012 жылғы ОЖСБ-ның форматы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу

қазан 2014

қаңтар-ақпан

2015жыл





8.

ОЖСБ-ға дайындық бойынша тест тапсырмаларының үлгі нұсқаларын  жасау

қазан 2014




9.

4 сынып оқушыларын тест материалдарымен жұмыс жасауға үйрету

қазан, қаңтар-ақпан




10.

4 сыныптарда ОЖСБ кіретін пәндерден  дайындық тестерін өткізуді ұйымдастыру

қазан-сәуір




11.

ОЖСБ қатысушы мен ата-аналар жиналысын өткізу

Қазан,қараша 2014

қаңтар 2015



Сынып жетекшілері

12.

Мектеп комиссияның құрамын қалыптастыру

наурыз

2015жыл





13.

ОЖСБ өткізуге аудитория дайындау

сәуір

2015жыл





14.

Аудитория және корридор бойынша кезекшілерді тағайындау

сәуір

2015жыл





15.

Ережеге сай кезекшілердің жұмысын ұйымдастыру

сәуір

2015жыл





16.

ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу

сәуір

2015жыл





17.

ОЖСБ-ның қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді беру

сәуір

2015жыл





18

Негізгі орта білімнің оқу пәндері бойынша 2014-2015 оқу жылындағы ОЖСБ-ның қорытындылары бойынша салыстырмалы талдауын  ұсыну

мамыр

2015жыл





19

ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат беру

мамыр

2015жыл





 

 

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы «6» cәуірдегі
№ 151 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық 

Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.

3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.



2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу

5.Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:

негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;

жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

6. Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ  білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

7. ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері  және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады.

8. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі.

9. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.

10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі  және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі.

11. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.

12. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.

13. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.

14. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүргізіледі.

15. ОЖСБ-ның нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

16. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.

17. Тестілеуді жүргізуге дайындық барысында оқушылармен тестілеу материалдарын толтыру бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіледі, ОЖСБ рәсімін өткізу тәртібімен таныстырылады.

Оқушыларға: 1) бір орыннан екінші орынға ауысуға;

  2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;

  3) тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;

  4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;

  5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;

  6) кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға

рұқсат етілмейді.

2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН (СОНЫМЕН БІРГЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН) ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ

НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (одан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ барысында қолданылды.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.



Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.

Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: « Абайлаңдар балалар» жолда жүру ережесі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру . Жолда абайлап жүруге баулу.Көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу . Сабақтың барысы: 1-оқушы: Сапар шексек сіз бен біз, Сан көлікке мінеміз. Троллейбус ,трамвай, Автобуспен жүреміз. 2-оқушы: Көлік,көлік,көлік Көліктерге мінеміз Көшелермен көшелермен Күнде тынбай жүреміз 3-оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз, Жағдай туар қолайсыз. МАИ қызметкерлерінен Сан кешірім сұраймыз. 4-оқушы: Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау саламат жүреміз. 5-оқушы: Үш түсті түрі бар Жөн сілтер тілі бар. Бағдаршам дегеннің Сырын жақсы біліп а. 6- оқушы: Қызыл көз жанарда Тоқтай қал әманда. Сары түс ескерту Дайын бол табанда 7-оқушы: Жасыл көз жарасты Алдыңнан жол ашты. Өте бер асықпай Жолыңмен қарасты. Мұғалім:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешуін тауып көріңдерші. Аяғы жоқ жүрмейді, Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам) Міне балалар ,бізге бүгін қонаққа кім келіпті? Оқушылар: Бағдаршам Мұғалім: Бағдаршам –өмірімізді апаттан сақтандыратын жалғыз көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам-жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді. Ендеше бағдаршамның сендерге әкелген тапсырмаларына көңіл бөлейік. Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. Бағдаршам ойыны. Қызыл көтерген де-тұр, сары –күт, жасыл-жүр. Бағдаршамның сұрақтарына жауап беріп көрелік. 1.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? 2.Қала көшесінде келе жатқанда қандай жермен жүру керек? 3.Көше тәртібін не басқарады? 4.Жолдың қай жағымен жүру керек? 5.Бағдаршамның әр түсі нені хабарлайды? Мұғалім:Енді бағдаршамның жұмбақтары бар екен, соны шешіп көрейік.. 1. Сом дене, табаны бар сонша тісті, Бір өзі бітіреді сонша істі. (Трактор) 2. Кеудесінде жаны жоқ, Тамырында жаны жоқ, Май жейді, Су ішеді. (Машина) 3. Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді. Өзіне адам мінеді, Ол не, кім біледі? (Троллейбус) 4. Ала таяқ ұстаған Жол тәртібін нұсқаған Өміріңді күзеткен Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері) 5.Көзін ашып жұмады, Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам) Мұғалім:Жарайсыңдар! Келесі ойнайтын ойынымыз «Жанатын бағдаршам» Бағдаршам қызыл көзін көрсеткенде орындарыңнан қозғалмай тұрасыңдар. Сары көзін көрсеткенде қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Жасыл көзі жанғанда орындарыңда тұрып жүресіңдер. Бағдаршам: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаыз да. Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен- кіші, баршамызға. Басталар әр қадамығ аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтауменен. Қалаларға саяхат «Вагондар ойыны» Қорытынды: Мұғалім: Ал балалар ,біз бүгін не үйрендік,немен таныстық? -Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен таныстық. -Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма? -Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе? Осымен біздің ойын сабағымыз аяқталды.

"Көнілді старт Эстафеталық жарыс"

 

                                                                    Дайындаған:



 

Мақсаты:

Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.

Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.

Өзалдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін артты

Көрнекіліктер:

Ысқырық, доптар, қаптар, кеглилер, орындықтар, сақина, арқан т.б.

 

 Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар. 



Доппен жарысу

 Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команде бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді.



Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды.  Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады.

Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру. 

Допты түсірме

 Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап

 

Қап киіп жарысу

 Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Мұғалім белгі берісімен Саптың ең алдында тұрағн ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп, жалаушаны айналып келеді.Осы ретпен ойын қайталана береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеіңке жетеді.



Кім жылдам

 Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты бассынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.

 Ойынға екі команда бір уақытта қатысады. Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерден айналып кері қайтатын белгі (жалауша) қойылады.

Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп, тағы да өз командасына оралады. Бұларға енді үшінші ойыншы қосылады. Сөйтіп, ақыры команданың барлық ойыншылары қол ұстасып бірге жүгіретін болады. Жүгіруді ойын тәртібін бұзбай бірінші болып аяқтаған команда жеңеді.

 

Бір топ үйрек



Ойыншылар бір қатарда бір-бірінен қашықтау тұрып, тізелерін аздап бүгіп, қолдарын тізелерінің артынан біріктіріп ұстайды. Белгі берілгенде ойыншылар қолдары мен аяқтарының қалпын өзгертпестен жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

 

Тақия тастамақ

 

Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулеріңнің артыңа білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

 

Орындықтар айналасында

 Спортзалдың  ортасына бір-біріне тигізіп төрт орындық қойылады. Алдымен 5 оқушы шығады. Мұғалім белгі берісімен ойыншылар орындықты айнала жүгіреді қайта белгі берілгенде ойыншылар орындыққа отырып үлгеруі тиіс. Үлгермеген ойыншы ойыннан шығады. Орнына басқа ойыншы қосылады. Ойыншылар таусылғанға дейін. Соңында орындықтар біртіндеп алына береді. Қалған бір орындыққа, қалған екі ойыншының қайсысы отырса сол ойыншы жеңіске жетеді.

  

Сақина жасыру

 Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

 

 



Арқан тартыс

 Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байлаған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты–екі команданың бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі



Қорытынды кезең:

 

21 ғасыр көшбасшысы

 Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!Бүгінгі біздің 4-сынып оқушылары арасындағы «21 ғасыр көшбасшысы»атты интелектуалды ойынымызға қош келдіңіздер.Оқушыларымызға тек қана сәттілік тілейік.Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 Сабақтың мақсаты:сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу,танымдылықтарын,әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Оқушыларды білімді жан-жақты болуға үйрету.Жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.Білімді ,дарынды,озық болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекі құралдар:қызыл түсті дөңгелектер,плакаттар.

Өту барысы:

 

                       1.Сайысқа 7 бала қатысады.



                        Сайыстың жоспарымен таныстыру.

1.Бәйге.


2.Тіл өнер.

3.Қызықты пәндер.

4.Жорға.

                   2.Әділқазылар алқасын сайлау.

Математика пәнінің мұғалімі-Асылтас Алтаевна

Білім беру бөлімінің меңгерушісі-Гульжан Төкеновна

Орыс тілі пәнінің мұғалімі-Роза Абильевна

Бастауыш сынып мұғалімі-Жанат Болатовна

Әділқазылар алқасы да әділ бағасын береді деп ойлаймыз.

                         3.Оқушыларды таныстыру.

1.Алтынбаев Нұржан

2.Солдатхан Жұлдыз

3.Бесбаев Дихан

4.Өтепбергенова Әмина

5.Ыбрай Ақтілек

6.Садвакасов Асан

7.Құрбанәлі Мұқасан

 

     Мұнда қызық табылар



     Ал,сайыскер балалар,

     Білімдеріңді сынайық

     21 ғасырдың

     Көшбасшысын табайық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет