Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Сабақтың мақсаты



Дата22.11.2016
өлшемі55,12 Kb.
#2311
түріСабақ

Сыныбы:

Пәні:

Күні:

5 «АБВГ»

Қазақ әдебиеті

20/03-2/04. 2015ж

Сабақтың тақырыбы:

Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Сабақтың мақсаты:

Бауыржан Момышұлының жасаған ерліктері туралы оқушыларға түсінік беріп,оның әңгімелерімен  таныстыру

Сабақтың міндеттері:

  1. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру,шығармашылық қасиеттерін дамыту

  2. Сабақты жан-жақты қарастыруларына мүмкіндік жасау;

3. Оқушылардың бойына дамгершілік қасиеттерін сіңіруге, кішіге қамқорлық, үлкенге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқулықпен жұмыс жасайды, өздігінен сөз тіркесі, сөйлем құрайды және оларды еркін қолдана алады

Керекті жабдықтар:

Интербелсенді тақта, оқулық

Сабақ барысы

І. Психологиялық ахуал:


Амандасу.

Оқушыларды топқа бөлу

(шеңбер құрып, әр оқушы қасындағы досына жылы тілек білдіреді)


2 минут

Үй тапсырмасын тексеру:

«Мен жастарға сенемін» өлеңі  М.Жұмабаев  

Мағжан Жұмабаев кім? (Өмірбаяны, шығармашылығы)

Өлеңді жатқа айту.

Өлеңнің кейіпкері кімдер?

Ақын жастарды нелерге теңейді?

Ол не себептен жастарға сенеді?



5 минут

Жаңа сабаққа кіріспе:

Жаңа сабақ:


Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын, балалар, мен мынадай сұрақпен  ашқым келіп отыр.

Ертегіні жақсы көреміз бе?

Қандай орыс, қазақ халқының ертегілерін білеміз? (Оқушылардың жауаптары: «Түлкі мен ешкі», «Мақта қыз бен мысық», «Алтын балық», «Қаңбақ шал» т.с.с) .

Ендеше, ертегінің қандай шығарма екенін еске түсірейік.

Біз ертегілердің үш түрі бар екенін білеміз.


  1. Хайуанаттар туралы ертегілер.

  2. Қиял-ғажайып ертегілері.

  3. Тұрмыс-салт ертегілері.

Біздің бүгінгі өткелі отырған ертегіміз  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталады. Бұл ертегі даңқты қолбасшы Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» деп аталатын кітабынан үзінді ретінде берілген. Ертегімен таныспас бұрын, балалар,  біз Б.Момышұлының өмірбаянына шолу жасап өтеміз.

Ал, балалар, Бауыржан Момышұлы кім болған?

     Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – Ұлы Отан соғысына қатысып,Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры. Соғыста Генерал Панфиловтың полкында дивизия командирі болған.

  Жазушы соғыста елін қорғаған жауынгерлердің ерлігі мен достығын жазған. «Офицердің күнделігі» атты жинағы бар.




6минут

Негізгі бөлім:

Жаңа сөздермен жұмыс:



әділ – справедливый
құрт – құмырсқа - черви и муравьи
бақа – шаян - лягушки и скорпион
тілін біліпті – знал язык (понимал)
жау шабады – наступил
жұлып алады – вырвал
айта алмайды – не может говорить
ызыңдайды – жужжит

5 минут


  • сөздік жұмысын оқушылармен бірге қайталап оқу

  • Сөздердің қолданылу аясын түсіндіру

Интербелсенді тақтамен жұмыс:
Мәтінмен жұмыс ұйымдастыру:

Оқушыларға тақтадан аталған ертегінің мультфильімі ұсынылады. Кейін салыстырмалы түрде мәтінің оқиды.

Мәтіннің мазмұнымен танысу,оқу.

(Оқушылар мәтінді рөльге бөліп оқиды.)

Ал, оқушылар,  мәтінмен таныстық , ертегінің мазмұнын түсіндік пе?

Ендеше, мен сендерге сұрақ қояйын


  • Бүгін біз кім туралы өттік, қандай ертегімен таныстық?

  • Сүлеймен деген кім ?

  • Сүлеймен патша жыланға не дейді?

  • Патша қандай жарлық берді?

  • Қарлығаш қандай әрекет істейді?

  • Қарлығаш патшаға не дейді?

  • Қарлығаштың сөзі жыланға қалай әсер етеді?

  • Ашулы жылан қайтеді?




10 минут

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» биі

2 мин

Тапсырмалармен жұмыс (топтық жұмыс):

Сабақты бекіту:


І –топ. Ертегінің кейіпкерлерін анықтап, оларға мінездеме беру.

І-топ.'>ІІ-топ. «Қарлығаш қандай құс ?» деген тақырыпта жұмыс орындау. Сурет салу, қарлығаштың  адам баласына  жақындығы туралы әңгімелеу.

ІІІ-топ. Табиғат, құстар, жақсылық, қамқорлық қасиеттер туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер  жазу.

(Оқушыларға аталған тақырыптарда жұмыс жасау тапсырылады. Әр топтан оқушылар шығып өз жұмыстарын таныстырады.  Суреттерін тақтаға іледі).



І-топ. (Сүлеймен патша,жылан, жәндіктер, маса)

ІІ-топ. (Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды жәндіктерді, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi. Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы­ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына «Қарлығаш» деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады.)

ІІІ-топ. (Оқушылар тыйым сөздердің, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп береді)

1. Адам мен табиғат –егіз.

2. Табиғат – тал бесігің.

3. Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

4. Талабы жоқ жас қанаты жоқ құспен тең.
5. Қарлығаш биiктеп ұшса, күн ашық болады.

Жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.

6. Құс ұясын бұзба. 

Құсты атпа,

Досыңды сатпа.
Ал, балалар, енді ойын тапсырма ретінде бүгінгі сабағымызды қарлығаш құстан өзімізге қандай жақсы қасиеттер алатынымызды айтып қорытындылайық.

Қарлығаш құсқа сәйкес келетін сөздермен сипаттама жасау.



Қ - қамқор

А - ақылды

Р – реңді (әдемі)

Л -  лайықты

Ы - ынталы

Ғ -  ғибратты (үлгілі)

А – адал

Ш – шыншыл

Ендеше,  осы қасиеттердің барлығын өз бойымызға сіңіруге тырысайық, балалар!

-Б.Момышұлы кім? Ол туралы не білдік?

-«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі ұнады ма? Несімен ұнады?



15 мин

Бағалау:

Кері байланыс: Бүгінгі сабақ туралы ойларыңды мына прақшаларға жазыңдар

3 минут

Үй тапсырмасы:

  • кейіпкерлерін анықтап, оларға мінездеме беру

  • «Қарлығаш қандай құс ?» деген тақырыпта жұмыс орындау.

  • тыйым сөздердің, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру

1 м


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет