Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш



бет1/2
Дата26.01.2023
өлшемі217,5 Kb.
#166534
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Баяндауыш


Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Күні: 22.11.2017 Сыныбы: 3 «Ә» сынып
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өткен сабақта алған ұғымдарын
кеңейту. 
Білімділік: Сөйлемнің негізгі мүшесі баяндауыш туралы түсінік 
беру. Алған білімдерін талқылау
Дамытушылық: шығармашылық қиялын, сөздік қорын молайтып,
сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: жазу каллиграфиясын сақтап, көркем жазуға, 
отансүйгіштікке, ынтымақшылдыққа, өз елінің 
ардақты азаматтары болып шығуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрнеклікі, коментарий, сұрақ-жауап, әңгімелеу, фишбоун, 9-алмаз, адасқан сөздер.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: дүниетану, математика, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу
Қайырлы күн балалар
Бүгінгі күн, міне
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын

Білім сандығы бойынша жұпқа бөліну


ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау


а) Сөйлем дегеніміз не?
ә) Сөйлем нешеге бөлінеді?
б) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
В) Бастауыш дегеніміз не?

«Ғажайып ұяшық» әдісі


Әр ұяшықта тапсырмалар болады, соларды орындау арқылы жұптарыңызға ұпай жинайсыздар.

Жаңа сабаққа өту барысы математикалық есеп шығару арқылы біз бүгінгі өтетін тақырыбымызды анықтатын боламыз.


«БАЯНДАУЫШ»

Жаңа сабақ


Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады:
Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.

35-жаттығу (ауызша)



  • Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді? Олар сөйлемнің қай мүшесіне байланысты?

  • Қыс құнар береді,

  • Көктем дән себеді.

  • Жаз баптап өсірсе,

  • Күз жинап-тереді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет