Мерзімі :17.04.2017ж.
|
Педагог-ұйымдастырушы-куратор Билялова Б.А.
|
Қатысушылар:
|
7 «В» сынып оқушылары
|
Тақырыбы:
|
«Өнерлі өрге жүзеді» сайыс
|
Мақсаты:
|
Шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушыларды ортаға бейімдеу.
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Құндылықтарды игеру
|
Азаматтық, жауапкершілік, ынтымақтастық, құрмет.
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
Бейнефильм, презентация
|
Уақытты жоспарлау
|
Жоспар
|
Дереккөздері , дид.
материалдар
|
Басы
5 мин
|
1. «Тілек шамы» жаттығуы.
Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне тілектер айтады.
Сайысқа 2 топ қатысады.
1-топ. «Өнерлі қыздар» тобы
2-топ. «Жалынды шеберлер» ұлдар тобы.
Қалған оқушылар «Жанкүйерлер» тобы.
|
Шам
|
Ортасы
(20 мин)
3 мин
7 мин
10 минут
5 мин
5 минут
|
1.Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1. Таныстыру.
2. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» білім сайысы.
3. «Шебер қол ештеңені таңдамайды» ер балалар қыздардың, қыздар ер балалардың жұмыстарын орындау.
4.«Өнерлiнiң өрiсi кең» сурет салу сайысы.
5. «Жанкүйерлер жарысы» көрермендермен сайыс
І. Таныстыру
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды)
ІІ. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» білім сайысы
Шарты: Әр топқа ортақ 16 сұрақтан қойылады.Егер сұрақ қойылған топ дұрыс жауап берсе, қоржындарына 5 ұпай қосылады. Егер жауап бере алмаса қоржындағы ұпайдан 5 ұпай шегеріледі.
ІІІ. «Шебер қол ештеңені таңдамайды»
Бұл кезенде ер балалар қыздардың, қыздар ер балалардың жұмыстарын орындайды.Уақыт 10 минут
ІҮ. «Өнерлiнiң өрiсi кең» сурет салу сайысы.
Оқушыларға бір элемент беріледі. Оқушы оны өрбітіп, ары қарай дамытуы керек.
Ү. «Жанкүйерлер сайысы»
Шарты: Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады. Жауабын тапса, ұпайын қалаған тобына бере алады.
1. Оригами деген не? (жапонша – “бүктелген қағаз”)
2.Ылғалды — жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу)
3. Юбканың қазақша атауы? (Белдемше)
4. Кестені, кілемді керіп қоятын арнаулы зат қалай аталады? (Кергіш)
5. Қандай түстерді араластыру арқылы ала алмаймыз? (қызыл, сары, көк)
Әділ қазылар алқасы әділ бағасын анықтағанша,
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй-дегендей келесі кезек әдемі әнге беріледі.
|
Балға, шеге, ара,ине,жіп,қайшы, оймақ, қолғап, қауіпсіздік үшін көзілдірік, флипчарт.
Презентация,https://www.youtube.com/watch?v=5m70A_17q_0, https://www.youtube.com/watch?v=Dr3Te3mQOKQ
|
Соңы (5 мин).
|
1.Қорытынды: Сөз кезегі әділқазыларға беріліп, жеңімпаз топ және басқа да қатысқан топ мақтау қағаздарымен марапатталады.
2.Абайдың 7-ші қара сөзі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Біреуі – білсем екен деп тұрады. Не көрсе, соған талпынып, жалт - жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, сырнай - керней болса дауысына ұмтылып, өзі соған еліктеп, ыңылдап ән салып, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегендік»
|
https://www.youtube.com/watch?v=bDdkVPxQX2Q
|
Достарыңызбен бөлісу: |