Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары



бет1/16
Дата17.10.2022
өлшемі348,73 Kb.
#153349
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5 с130 офлайн —





Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары..

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі
өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.
5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде АКТ қолданып).

Сабақтың мақсаты:

  • дүниежүзілік және қазақ классиканың туындыларымен таныстыру

  • -бейнелі өнердегі жанрлар түрлерімен танысу

  • -жанр және бейнелі өнердің көріністерін зерттеу

  • -АКТ-ны қолданып,жанрдың және өнердің көрінісінің сараптау

Бағалау
критерийлері

  • дүниежүзілік және қазақ классиканың туындыларымен,

бейнелі өнердегі жанрлар түрлерімен танысу танысады

  • -жанр және бейнелі өнердің көріністерін зерттейді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау



Ресурстар

Басталуы

Оқушылармен амандасу. Мектеп құндылықтары мен ереже-тәртіпті еске түсіру.
3-сабақ: көзге арналған жаттығу;
7-сабақ: дене жаттығуларын орындау.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы графикалық суреттер

Ортасы

Бірінші тапсырма:
Оқушылардан алдыңғы сабақтағы білімдерін қайталап шығуы керек. (Ұ) (Ұ) Тақырып бойынша видеороликтер немесе суретшілердің жұмыстарын көрсетуге болады.
Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.
Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.
Живопись.
Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.
Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

  • Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған..
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.
Натюрморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,
Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.
Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді.
Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.
Графика. Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.
Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет