Сабақтың тақырыбы: Белдік бұйымдар. Белдемше түрлері, тарихы. Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық іс іскерліктерін ұштастыра отырып, пішу,тігу технологиясын менгеру, өздігінен жұмыс жасауға, тігін өнеріне қызығушылығын арттыру.
Тігін технологиясы туралы білімдерін кеңейтіп , одан әрі таным деңгейін арттыру, көру және ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ұжымдық, практикалық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тігін машинасы, суреттер,
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру а) тігін машинасының құрылымының негізгі бөліктерін атау .
ә) тігін машинасы жетектерінің түрлерін ата.
б) машина жұмысын орындауға дайындық үстінгі, астынғы жіптерін сабақтау
в) тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Қорыту. Бағалау
ІІІ. Жаңа сабақ
Белдік бұйымдар. Белдемше түрлері, тарихы.
Белдемшенің шығу тарихы Белдемше- әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібекматалардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді. Белдемше — үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды. Оны жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, малсауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киеді. Стиль түрлері • Классикалық • Романтикалық • Спортық • Фольклорлық ( этникалық)