Сабақтың тақырыбы Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сәйбек қарттың әңгімесі



Дата19.02.2022
өлшемі32,5 Kb.
#132534
түріСабақ
Байланысты:
17.02 5ә




Пәні: Қазақ әдебиеті
ІІІ бөлім Адамгершілік – асыл қасиет

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы ШЖЖОМ

Күні: 17.02.2022 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: А.Амирешова

Сынып: 5

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сәйбек қарттың әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.4.1.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді тауып, мәнерлеп оқиды, жатқа айтады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: үзінділерді мәнерлеп оқуда, жатқа айтуда екпін, қарқын, әуезді орынды қолданады
Кейбір оқушылар орындай алады: үзінділерді мәнерлеп оқуда, жатқа айтуда образды қимыл, мимикалар арқылы шынайы жеткізеді

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ширату
С. «Ой қозғау» әдісі
Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру және тақырыпты болжау мақсатында «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді көрсетіледі. Үзінді негізінде түрткі сұрақтар қойылады:
Қожаның арманына жетуіне оң қадам жасауына не кедергі?
Оқушылардың жауаптарын тұжырымдай отырып, сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері тақтадан көрсетіліп, таныстырылады.





слайд




https://www.youtube.com/watch?v=4mERLBwkHSM



Негізгі бөлім

Түсіну және жауап беру
Ж. Шығарма үзінділерімен жұмыс
1-тапсырма
«Қазына іздеу» әдісі арқылы оқушыларға шығарма мазмұны бойынша олардың іздейтін қазыналарының сипаттамасы беріледі. Қазына ретінде «Менің атым Қожа» көркем фильмінде кездесетін әуен үзінділері тыңдатылады. Оқушылар осы үзіндіні тыңдай отырып, шапшаңдық танытып, бұл үзіндіге қатысты оқиға желісін естеріне түсіреді. Әрбір қазынаны тапқаннан кейін, шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды.
1-үзінді – Оқушылардың қырықтыққа бара жатқан сәті;
2-үзінді – Қожаның Сұлтанмен бірге көрші ауылға сапары
3-үзінді – кітап алуға асығып жүгіріп бара жатқан сәті. Майқановамен алғашқы кездесу.
4-үзінді – Қожаның бәрінің өзінен кешірім сұрап жатқан сәтін елестетуі.


2-тапсырма ЖЖ. «Рөлдік ойын»
Оқушыларға мәтіннен кейіпкерлер диалогтерінен шағын көлемді үзінділер берілген үлестірмелі қағаздар таратылады. Берілген үзінділерді оқушылар жұптық жұмыста рөлге бөліп, мәнерлеп, жатқа айтады.


1-диалог (Жантас пен Қожа)
- Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? — дейді.
- Ол не?
- Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
- Оны саған кім берді?
- Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде.


2-диалог: (Майқанова мен Қожа)
- Не болды? Не болды, Қадыров?
- Лагерьге жолдама беріңізші маған.
- Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың.
- Неге?
- Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал екіншіден, ең әуелі, біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз.


3-диалог: (Қожа мен Сұлтан)
— Қайдан келдің?
— Жайлаудан келдім.
— Жайлау қандай екен?
— Айтпа. Тамаша. Шөптің биылғы шығымын көрсең, белуардан келеді.
— Барайын десем, көлік жоқ.
— Мен алып кетейін. Ертең таңертең қайта жүремін.
— Қалай алып кетесің? Басы артық көлігің бар ма?
— Онда жұмысың болмасын. Таңертең дайындалып, күтіп отыр. Ер-тоқымың бар ғой?
— Бар.
—Ендеше, бітті. Келістік.


3-тапсырма Ж.«Төрт сөйлем» әдісі
1. Пікір
2. Мысал
3. Дәлел
4. Қорытынды

«Қожа түбінде адам болатын бала, себебі...» сөйлемін жалғастыра отырып, өз тұжырымына шығармадан кейіпкер әрекеті арқылы мысал келтіре отырып, дәлелін мәнерлеп оқиды.





Дескриптор:
Әуен үзінділеріне сәйкес шығармадағы оқиға желісін табады;

Шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды.


Дескриптор:

- кейіпкер сөзін жұптық жұмыста жатқа айтады;


- диалогта екпін, қарқын, әуезді орынды қолданады;
- образды қимыл, мимикалар арқылы шынайы жеткізеді.
Дескриптор:
- Сөйлемді өз пікірі негізінде жалғастырады;
-Тұжырымына шығармадан мысал келтіреді;
- Шығармадан келтірген дәлелін мәнерлеп оқиды;
- Қорытынды пікір ұсынады.



ҚБ. «Басбармақ» әдісі


Қб. «Шапалақ» әдісі

https://lightaudio.ru/mp3/менің%20атым%20қожа
https://www.youtube.com/watch?v=4mERLBwkHSM

Соңы
5 минут

«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Үйге тапсырма: Адамдардаң мінез- құлқына сипаттама береді

Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет