ҰМЖ тарауы – ІІІ бөлім:
Адамгершілік – асыл қасиет
|
Бекітемін:
Мектеп: Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебі
Пән мұғалімі: Қараманова Айсұлу Төлеуқызы
Күні: 20.02.2020 ж
|
Сынып: 5б
|
Пәні: қазақ әдебиеті
|
Қатысқандар саны: 16
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесінен үзінді. Құпия кеңес
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
5.2.2.1.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау (А/И2)
5.2.4.1. Көркем шығармадан алынған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу (А/И4)
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Көркем шығарманың әр бөлімін мазмұндайды.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Әдеби шығарманың сюжетін сипаттайды.
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат не өлең жазады
|
Ойлау деңгейі
|
Қолдану, талдау, жинақтау
|
Бағалау критерийі
|
Әдеби шығарманың сюжетін сипаттайды
Кейіпкердің бейнесі мен іс- әрекетіне талдау жасайды
|
Құндылықтарға баулу
|
Қазақстандық патриотизм, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік, ашықтық , құрмет, сын тұрғысынан ойлау, білім алуға дайын болу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті, 5- сынып . Ахмет Байтұрсынұлы
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
Әдеби шығармадағы адамдардың мінезін салыстыра суреттейді
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: (пәнге арналған сөздік және терминология)
Портрет- портрет-portait--- көркем әдебиетте адамның сыртт білімін, кескін – кейпін, жүріс- тұрысын сипаттау
Мінездеме – характеристика- characteristic
Хикаят- повесть- song---- көлеміне қарағанда романнан кіші , әңгімеден үлкен шығарма
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
«Қарапайымдылық – қадірлі қасиет» тақырыбында пікір алмасады
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Хикаят дегеніміз не?
2.Б.Соқпақбаевтың қандай шығармалары бар?
3.«Менің атым – Қожа » хикаяты қай жылы жазылды?
4.Хикаяттағы бас кейіпкердің портретін жазыңдар
5.Қожа мен оның есімі туралы ойларыңды ортаға салыңдар
6.Есіміңнің қойылу тарихын достарыңа айтып бер
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Хикаят жайында не айтуға болады?
|
Алдыңғы білім
|
Бердібек Соқпақбаев Хикаят
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Сабақтың басы
4 мин
Сабақтың ортасы
30 мин
|
4 мин
1 мин
3 мин
3 мин
3 мин
2 мин
10 мин
5 мин
3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату
«Комплименттер бұрқасыны» әдісімен оқушылар бір – біріне жылы лебіздерін білдіріп, жазған қағаздарын ұсынады.
МЕН БАҚЫТТЫМЫН
БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚПЫН
БӘРІ ӨЗ ҚОЛЫМДА
Топқа бірігу. Сынып оқушыларының сабаққа зейінін аудару , топқа бірігу
ҚБ Мадақтау
Оқушылардың пікірін қорытындылай келе, сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.
Үй тапсырмасын «БИНГО» әдісімен пысықтау.
Оқушылардың қолына номер белгіленген сұрақтар таратылады. Бинго қай санды көрсетсе, сол оқушы жауап беруі тиіс.
ҚБ Мадақтау
Ой қозғау. «БЛУМ түймедағы» әдісімен.
ТЖ. Мазмұндық талдау жасайды
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыру және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы топтарға бірнеше сұрақтар беріледі.
І топқа
Қарапайым сұрақ:
1.Қожа біз ойлағандай бұзық бала ма?
Дәлелдеуші сұрақ:
2.Қожаның анасына берген антынан оның қандай адамгершілік болмысын байқадыңдар?
ІІ топқа:
Түсіндірме сұрақ:
1.Қожабергенді балалар кім деп атады? Себебін түсіндіріңдер.
Бағалау сұрақ:
2.Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті?
ІІІ топқа:
Шығармашылық сұрақ:
1.Қожаны не үшін жиналысқа салды? Кейіпкердің қай « ерлігі» сені таңқалдырды?
Тәжірибелік сұрақ:
2.Кейіпкердің орнында болсаң сен не істер едің?
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Ұпай
|
Әдеби шығарманың сюжетін сипаттайды
|
Шығарманың идеясын түсіндіре алады
|
1
|
Кейіпкердің бейнесі мен іс- әрекетіне талдау жасады
|
1
|
2
|
ҚБ Дескриптормен бағалау
Ж. «Суретті әңгімеле» әдісімен /СУРЕТТЕР/
1.Суреттер слайдпен көрсетіледі.
2.Сурет бойынша әр оқушы өз ойларын мазмұнды баяндап шығады.
3.Сурет мазмұнымен төменде берілген ойларды үйлестіреді.
Берілетін сөздер:
1.Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа
«Күніне бір мәрте , болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір рет өз- өзіңнен есеп ал!»
Жылы жүрек қана адамды ұната білуге итермелейді.
Баланың жаманы күйік...
Дана ұстаз ғана бала кеңістігін зерттей алады
Ханда қырық адамның ақылы болады
ҚБ АРҚАДАН ҚАҒУ
ЖЖ. «Еркін жазу» әдісімен
Оқушылар берілген 5 минут ішінде кейіпкер туралы еркін әңгімелеп, хат жазып шығады.
ҚБ ЖҰПТЫҚ ШАПАЛАҚ
СЕРГІТУ СӘТІ
Оқушылар караокемен музыканың әуеніне еріп , «Туған ел» әнін орындайды.
ҚБ ҚОШЕМЕТ КӨРСЕТУ
|
Сабақтың соңы
6 мин
|
2 мин
2 мин
2 мин
|
КЕРІ БАЙЛАНЫС
«Минуттық қағаз» әдісімен.
1.Оқушылар осы сабақ төңірегінде 1 минутта бірнеше сөз жазып шығады.
2.Кім көп сөз жазса, сол оқушы жеңімпаз атанады.
РЕФЛЕКСИЯ
«Сұхбаттасатын жұп» әдісімен
Не оңай болды?
Не қиын болды?
Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек?
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
1.Хикаяттың авторына хат жазады
2.Хикаяттың мазмұнын толық баяндайды
3.Адамдардаң мінез- құлқына сипаттама береді
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау –
|
Бағалау –
|
Денсаулық – ҚТС
|
1.Топтық , жұптық және жеке жұмыстарды бірлесіп, ынтымақтаса атқаруда белсенді оқу әдістерін қолданамын.
«Бинго» әдісімен өтілген сабақтарды пысықтауға байланысты сұрақтарға тыңғылықты жауап беруге дағдыланады.
Жеке жұмыс орындау үшін «Суретті әңгімеле» әдісі таңдап алынды.
Барлық оқушыларға «БЛУМ түймедағы» әдісі бойынша тыңдалым дағдысына түрлі тапсырмалар беріледі. «Қарапайымдылық – қадірлі қасиет» тақырыбында жұпта өзара диалогтік сұхбат жүргізеді.
|
Оқушылардың ілгерілеуін, уәжін дамыту мақсатында бірнеше бағалау түрлерін пайдаланамын.
Бірлескен топтық, жұптық , жеке жұмыстарын бағалауда «Мадақтау», «Арқадан қағу», «Жұптық шапалақ» ,рефлексия алуда «Сұхбаттасатын жұп» , кері байланыста «Минуттық қағаз» әдістері қолданылады.Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.
|
АКТ мүмкіндігі
Техника қауіпсіздігін сақтау
|
Жоспарлаудағы рефлексия.
Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары SMART өлшеміне сай шынайы жоспарланды. Оқу мақсатындағы дағдыға байланысты әдіс –тәсілдерді таңдау мен үшін қиынға соқты. Сыныпта қолайлы орта қалыптастыру үшін белсенді оқу және саралау әдістерін пайдаландым. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатылды. Оқушылардың ілгерілеуін, уәжін дамыту мақсатында бірнеше қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдандым. Оқушылар топтық , жұптық және жеке жұмыстарды бірлесіп, ынтымақтаса атқарды. Тақырыпқа сай жұпта өзара диалогтік сұхбат жүргізді. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылды.Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушы қажеттілігін ескере отырып, тапсырмаларды жүйелі қолдануды мақсат еттім.
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Қалыптастырушы бағалау кезінде қолданған әдістерім
«БЛУМ түймедағы» әдісі кезінде оқушылар белсенді болады
|
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
ЖЖ. «Еркін жазу» әдісі арқылы кейіпкерге хат жазу.
Кері байланыс
Уақытымды тиімді жоспарлау
|
Осы сабақтың барысында барлық сынып пен жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
Әдіс – тәсілдерді оқу мақсатындағы дағдының түрлеріне сай таңдау керектігі жөнінде тәжірибе жинай бастадым. Оқушының деңгейіне қарай тапсырма беру керектігін түсіндім.
|
Ықшам сабақтың ықпалы:Ықшам сабақты қорғау барысында оқу мақсатын СМАРТ өлшеміне сай жоспарлаудың тиімді болатынын түсіндім. Оқу мақсатындағы дағдыға байланысты белсенді оқу мен саралау әдістерін таңдауыма әріптестерімнің ықпалы зор болды. Оқушылардың ілгерілеуін, уәжін дамыту мақсатында бірнеше қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдандым.Оқу үдерісі барысында Мәңгілік Ел құндылықтарының іске асыру бағытын анықтадым.Кері байланыс пен рефлексияның оқушы мен мұғалім үшін оқу үдерісін ілгерілетудегі маңызын білдім.Нәтижеге бағытталған әдістерді сабақ жоспарына енгізудің қажеттілігін ұғындым. Оқушының деңгейіне қарай тапсырма беру керектігін түсіндім.
|
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Тапсырма 1. ТЖ. Мазмұндық талдау жасайды
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыру және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы топтарға бірнеше сұрақтар беріледі.
І топқа
Қарапайым сұрақ:
1.Қожа біз ойлағандай бұзық бала ма?
Дәлелдеуші сұрақ:
2.Қожаның анасына берген антынан оның қандай адамгершілік болмысын байқадыңдар?
ІІ топқа:
Түсіндірме сұрақ:
1.Қожабергенді балалар кім деп атады? Себебін түсіндіріңдер.
Бағалау сұрақ:
2.Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті?
ІІІ топқа:
Шығармашылық сұрақ:
1.Қожаны не үшін жиналысқа салды? Кейіпкердің қай « ерлігі» сені таңқалдырды?
Тәжірибелік сұрақ:
2.Кейіпкердің орнында болсаң сен не істер едің?
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Ұпай
|
Әдеби шығарманың сюжетін сипаттайды
|
Шығарманың идеясын түсіндіре алады
|
1
|
Кейіпкердің бейнесі мен іс- әрекетіне талдау жасады
|
1
|
2
|
|