Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа"



Дата23.08.2017
өлшемі13,06 Kb.
#25208
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Бердібек Соқпақбаев
  • “Менің атым Қожа”
  • Сабақтың білімділік мақсаты:
  • Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру.
  • Хикаят бойынша оқушылардың, ойын тияқтақтау, Қожа мінезіне талдау жасап,өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.
  • Сабақтың дамытушылық мақсаты:
  • Оқушыны жаңа ұғымды өзі іздеп бағыттау,оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту,қызығушылығын ояту.
  • Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
  • Оқушыларды тәртіпті болуға,адамгершілікке тәрбиелеу.

Психологиялық дайындық

  • Стикер арқылы
  • жұпқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

  • “Ой шақыру” стратегиясы бойынша өткен сабақты еске түсіру.

Бердібек Соқпақбаев “Менің атым Қожа”

Бердібек Соқпақбаев

  • «...Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаның жұтпаймын.Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес,менің өзіме ұқсайды.»
  • Менің атым Қожа Жанр: комедия, семейный
  • Мемлекет : Қазақстан
  • Шыққан жылы : 1963
  • Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
  • әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев
  • Сценарий: Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский
  • Сазгер : Нұрғиса Тілендиев
  • Кейіпкерлерді сомдаған
  • Қожа - Н. Сегізбаев
  • Сұлтан - М. Көкенов
  • Жанар - Г. Қурабаева
  • Жантас - Е. Құрмашев
  • Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова
  • Рахманов - Қ. Қожабеков
  • Майқанова - Р. Мухамедьярова
  • Қожаның әжесі - З. Құрманбаева
  • Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөніл бала. 

Хикаяттағы кейіпкерлерге талдау жүргізу Қожа - Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.

Жанар - Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

Сұлтан - ол Қожаның жан досы . Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі- үш жас үлкен . Әкесі Сүгір жылқы бағады . Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен жаман қылықтарға әуес.

Оспанов -зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдердің бірі.Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.

Майқанова - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира) Қожа оқитын сыныптың жетекшісі . Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

Әжесі - Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.

Анасы - Қожаның анасының аты - Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған

Сәйбек қарт -Мектеп күзетшісі – Сәйбек қарт. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы , әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.

  • “Қожа” жақсы бала
  • Қожа –алғыр бала
  • -ақылды бала
  • -әділетті бала
  • -мейірімді бала
  • “Қожа- тентек бала”
  • Қожа - өтірікші бала
  • -шыдамсыз бала
  • Бұзық бала
  • Тиянақсыз бала

“Теріп алу стратегиясы”

  • . «Теріп алу» стратегиясы Алғыр, пысық -------------- әділетті өтірікші ---------------------- ақын ақылды ---------------------- әзілқой сотқар, тентек ------------- арамза мейірімді ------------------- тапқыр қу, зымиян ------------------ қателіктерді түсіне біледі шыдамсыз ------------------ жағымсыз тиянақсыз

Ойлан, тап!

«Топтастыру» стратегиясы Венн диаграмма

  • «Топтастыру» стратегиясы Венн диаграмма
  • Қожа қандай бала?
  • Жантас қандай бала?

“Қай сәт бейнеленген?”

  • 1) «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін» (Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт ) 2) Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт) 3). Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті) 4). Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожаның темекі тартқан сәті)

“Мынау кім?”

  • - Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш. (Жантас) - Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа) - Біз екеуміз таныс шығармыз деймін.(Майқанова) - Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? - Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт) - Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер. (Оспанов)

Сабақты бекіту

  • «Не үйрендім» «не білдім?» «Жүрегіме не түйдім?»

Үйге тапсырма

  • Мазмұндау
  • Қожаның суретін салу

Бағалау парқшасы: Оқушылар смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет