тістегеріштері бар бірінші, екінші және аралық біліктерден;
қосымша біліктен және артқы жүріс тістегерішінен;
синхрондауыштардан,(синхронизатор)
құлыптау мен блоктау құрылғылары бар берілістерді ауыстыру механизмінен;
ауыстыру иінтірегінен (рычагынан).
Картерде беріліс қорабының барлық негізгі тораптары мен бөлшектері орналасқан. Картер іліністің картеріне бекітіледі, ал іліністің картері, өз кезегінде, қозғалтқышта бекітілген. Жұмыс кезінде беріліс қорабының тістегеріштері үлкен жүктемелерге тартылатындықтан, онда олар жақсы майлануы керек. Сондықтан картер өзінің көлемінің жартысына дейін трансмиссиялық маймен құйылған (кейбір автомобильдердің модельдерінде моторлық майлар қолданылады).