Сабақтың тақырыбы: Бүгінгі сабақта: Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем деп атайды. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады
Бүгінгі сабақта: Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем деп атайды. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. . -Дүние деген не?-деп сұрады кішкентай шабақ. -Дүние дегеніміз телегей-теңіз су,-деді үлкен балық. -Дүние деген не?-деді ақ аюдың қонжығы. Оның енесі: -Дүние!-деп, біраз ойланды да,-ол-мұзды таулар, мұз алаңы, оның астындағы су,-деді. -Дүние деген не?-деп сұрады кішкентай бота. -Дүние деген – көп құм, аздаған саз және аздаған шөп, тәтті тікен,-деп жауап берді түйе. -Алақай, дүние дегеннің не екенін енді білдім! Ал,балалар, бұл туралы сендер не білесіңдер? Есіңе сақта! Диалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып, алдына сызықша қойылып жазылады. Сұраулы сөйлемдер: -Дүние деген не? - Ал,балалар, бұл туралы сендер не білесіңдер? Ойлан !
Лепті сөйлемдер: Дүние!-деп, біраз ойланды Алақай, дүние дегеннің не екенін енді білдім!
Аспан-көкте - жұлдыздар, Жерде біздің ұл-қыздар. Су-тірліктің өзегі, Ақса, болар өзен. Ауа-өмір нәріміз, Тыныстайтын бәріміз. Ғарыш деген алыс па екен? Ол да бізге таныс мекен! Орман-табиғат дәулеті, Аң мен құс-әулеті. Жел соқса гуілдеп, Кетер маңай дүрілдеп. Жақау Дәуренбеков Лепті сөйлемдер:
Аспандағы жұлдыздар қандай әдемі!
Ғарыш бізге таныс мекен!
Сылдырлап аққан,судың кереметі-ай!
Орманның табиғаты қандай сұлу!
Шіркін,таңғы ауаның тазасын-ай!
Қатты соққан желдің қорқыныштысын-ай!
1.Жаңбыр жауса - жер ырысы Батыр туса - ел ырысы. 2.Жаңбырменен жер көгерер, Батамен ел көгерер. 1.Көктем 2.Жаз 3.Күз 4.Қыс 1.Көктем мезгілі адамға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Күн ұзарып, табиғат гүлдене бастайды. Құстар келіп, алғашқы гүлдер шығады. Құстар мен аңдар ұйқыдан оянады. 2.Жаз келіп,дала жасыл кілемге оранады. Балалар демалысқа шығып, ауылға ата-әжелерінің үйлеріне барады. Күн ысып, балалар суға шомылады. Жидек теруге тоғайға барады. Асыр салып ойнайды. Көбелек, инеліктерді қуалайды. 3.Қыркүйек басталса, күз келеді. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жаңбыр жиі жауады. Күннің жылуы сирейді. Балалар мектепке барады. Құстар жылы жақа ұшып кетеді. Ағаш жапырақтары сарғайып, шөптер қурайды. Күн суытады. Айнала сап-сары болады. 4.Әр маусымның өзіне тән қызығы бар. Қыс мезгілі аппақ қарымен, қахарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Ағаштар қар жамылады. Балалар күннің суығына қарамастан, жоталарда сырғанақ тебуге шығады. Шаңғы, коньки тебеді. Қыстың тағы бір ерекшелігі, балалар аяз атадан сыйлық күтеді. Ұстап алды, оны, қарға Шарды, ағаштың, байлады, бұтағына, ол Үрленген, қалықтай, ұшты, шар, аспанда Үрленген шар аспанда қалықтай ұшты. Оны қарға ұстап алды. Ол шарды ағаштың бұтағына байлады.
Қорытынды Айтылу мақсатына қарай сәйкес тыныс белгілерін дұрыс қоюды білдік. Сөйлемдерді бір-бірімен дұрыс байланыстыруды үйрендік.