Күні: 11.01.2023ж.
Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық спорттық би элементтері
Сабақтың мақсаты: Гимнастикалық жаттығулардың жан –жақты дамуын қозғалыс тірегінің үйреншікті әдетін тәрбие бағдарының құндылығын және сымбаттылықтың тазалық сақтаудың өмірдегі пайдалы әсерін баяндап қамтамасыз ету.
Дене жаттығуларымен спортқа деген сезімін қалыптастыра отырып, кез - келген кедергілермен қиыншылықтарды жеңе алатындай күшті денсаулықтары мықты жастады тәрбиелеу.
Оқушыларды жас кезінен дене күштерімен рухани күштерін сай ма сай жетілдіріп сымбаттылығын қалыптастыру
Білімділік:Оқушыларға би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын көрсету жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықты арттыру
Пәнаралық байланыс:Дене шынықтыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Жаттығулар
Көрнекілігі: музыка Акт қолдану
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу ;
- түгелдеу ;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
II. Жаңа сабақты түсіндіру; Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы - гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы. Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Негізгі гимнастика Гигиеналық гимнастика Спорттық гимнастика Акробатикалық жаттығу Көркем гимнастика Емдік гимнастика Өндірістік гимнастика Гимнастика Дене тәрбиесі жаттығуларының организмге әсер ететін қорына гимнастика да жатады. Гимнастика адам өміріне қажетті негізгі қимыл әдістерін қалыптастырып, практикада дұрыс қолдануға үйретеді. Осы мақсатқа орай әрбір бала қоршаған ортаны дұрыс бағдарлайды, қимылды басқа балалардың қимылымен үйлестіріп тез жасауды көздейді. Солай болған жағдайда ғана гимнастика бала денесіне жан-жақты дамытумен қатар, олардың ұйымшылдығы мен тәртібінің жақсы болуына әсерін тигізеді. Гимнастиканың негізгі ерекшеліктері - негізгі қимылдарымен қатар жан-жақты дамыту жаттығулары, би, сапқа тұру жаттығуларына қоса көркем гимнастика, акробатика, спорттық құрал-жабдықтармен немесе құралдарсыз жүргізіледі. Гимнастиканың бірнеше түрі бар.