Күні: 33-34 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Біліктілікті жетілдіру курсы
Сабақтың мақсаты:
Коммуникативті грамматика арқылы «Біліктілікті жетілдіру курсы» тақырыбына кіріспе жасау, жаңа сөздермен танысу, осы тақырыпқа байланысты қолданылатын лексикамен таныстыру. .
Сөздік қорын молайту,
Мәдениетті, жұмыс этикетін ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірме карточкалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті тіл үйренуші тыңдаушылар!
Бүгін нешесі?
Бүгін аптаның қай күні?
Жылдың қай мезгілі?
Ауа райы қандай?
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындау.
1.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Халыққа қызмет көрсету орталығында
1. Таран ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы ай сайын не істейді?
2. Халыққа қызмет көрсету орындары қандай қызмет көрсетеді?
3. Ай сайын берілген ақпараттарды қорытындылап, тоқсан сайын нелерді талдайды?
4. Құжаттарды дұрыс рәсімдемеген қызметкерлер қандай жазаға тартылады?
2.Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз.
Халық, кеңесші, төлқұжат, қолхат, мекенжай, жеке куәлік.
3. Берілген сұрақтар бойынша бір-бірлеріңізбен сөйлесіңіздер.
1. біздің қалада ХҚКорталығы қай көшеде орналасқан?
2. Жылжымайтын мүлікті заңдастыру үшін қандай құжаттар керек?
3. Қай жерден жеке куәлік алуға болады?
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
1-тапсырма
-Біліктілік дегеніміз не?
- Біліктілікті жетілдіру курстары дегенімізді қалай түсінесіз?
- Сіз біліктілікті арттыру курстарына жиі барасыз ба?
- Сіздің ойыңызша, әр мемлекеттік қызметкер біліктілікті жетілдіру курсына жылына неше рет баруы керек?
-Білікті маман болу үшін не істеу керек?
2-тапсырма. Сөздерді оқыңыз. Жазылуын есте сақтаңыз. Жаттап алыңыз.
Қазақша
|
Орысша
|
Қазақша
|
Орысша
|
Білікті
|
квалифицированный
|
Жаңашыл
|
Новшеств, новатор
|
Біліктілік
|
знание
|
Зиялылық
|
Интеллигентность
|
Кәсіби шеберлік
|
Профессиональное мастерство
|
Сыпайылық
|
Вежливость, учтивость
|
Біліктілікті жетілдіру курсы
|
Курс повышения квалификации
|
Адам бойындағы қасиет
|
Качество в человеке
|
Біліктілікті арттыру
|
Повышение квалификации
|
Білікті мамандар санаты
|
Категория квалифицирован-ных специалистов
|
Жан-жақты біліммен қарулану
|
Вооружиться разносторнным образованием
|
Жетік білу
|
Освоить в совершенстве
|
инабаттылық
|
Благонравность
|
мәдениеттілік
|
Культурность
|
тыңғылықтылық
|
Аккуратность
|
тиянақтылық
|
Устойчивость
|
жауаптылық
|
Ответственность
|
|
|
ІҮ. ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді орыс тілінде айтыңыз.
Білікті маман
Әр маман өзінің білімін іс-тәжірибеде көрсетеді. Жан-жақты, білікті, тәжірибелі маман болу ол көп жылдар еңбек өтілімінің жемісі. Білімді маманның біліктілігі жұмыс істеу барысында байқалады.
Білікті маман дегеніміз білімді, білімділік жағынан жан-жақты қаруланған, өз ісін жақсы білетін және әрқашан ізденетін,жаңашыл, сонымен қатар мемлекеттік тілді жетік білетін адам болуы тиіс. Әрине, осы аталған қасиеттермен бірге әр мемлекеттік қызметкердің бойында инабаттылық, сыпайылық, мәдениеттілік, тыңғылықтылық, тиянақтылық, жауаптылық, зиялылық болуы қажет.
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміз барлық салада жан-жақты өсу үстінде. Жастарымыз шет мектептерде оқып, жоғары білім алып, білікті мамандар санатына қосылуда. Білікті маманның жас мөлшерін таңдамайды. Сондықтан да әр маман білікті болуға ұмтылуы тиіс.
ІҮ. СӨЙЛЕСІМ
- Мәтінде айтылған мәселе кімдерге қатысты?
- Мәтінді басқаша қалай атар едіңіз?
- Мәтінді қалай жалғастырып, әңгімелер едіңіз?
Ү. АЙТЫЛЫМ.
4-тапсырма. Төменде адамның мінез-құлқына қатысты сөздер берілген, солардың қайсысын ресми тілде немесе қызмет бабында қолданамыз, астын сызып көрсетіңіз.
Ақылды, тыңғылықты, білікті, нашар, аққөңіл, сауатты, білімді, жомарт, тиянақты, мәдениетті, зиялы, жалқау, белсенді, сараң, жауапты, дөрекі, биязы, ұстамды, тұйық, ашық, байсалды, инабатты, көңілді.
5-тапсырма. Жаңа сөздерді қолданып, әріптесіңізді білікті жағынан сипаттаңыз.
Менің әріптесім бар.
Әріптесімнің аты – .........................................................................................................................................
Ол ....................................................................................................................................................................
6-тапсырма. Мәтіннен мына сөздердің мағыналарын табыңыз.
Ұзақ еңбек ету –
Қызмет ету –
Жан-жақты жинақталған
Жақсы білетін
Жас мөлшеріне қарамайды
Іскер
Талаптануы тиіс
Даму үстінде
ҮІ.ЖАЗЫЛЫМ.
7-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз. Жаттап алыңыз.
Қажетті сөздер: құстай, мыңды, түсіне, инемен, ісіне, мұрттай, бірді
1. Білімді ................ жығар, 2. Білім .......................... құдық қазғандай.
Білімсіз ...................... жығар. 3. Адамды ................. қарап емес, ..................... қарап бағала.
4. Білімдімен ...................... ұшарсың,
Білімсізбен ......................... ұшарсың.
8-тапсырма. Оқыңыз. Сөйлемнің мазмұнына қарай қажетті жалғаудың астын сызыңыз.
1. Қазіргі таңда білікті қызметкерлер (-ды/-ді) жиі кездестіре(-сің/-сың).
2.кәсіпорындар білікті мамандар(-ды/-ді) іздей(-ді/ды).
3. Ол өз қызмет саласы(-на/-не) байланысты өте(-тін/тын) семинар(-ге/-ға) қатыса(-ды/ді)ү
4. Сіз(-дің/дың) біліктілік(-ті/ты) арттыру семинар(-іне/ына) келу (-ыңызды/-іңізді) өтініп сұрай(-мыз/-міз).
9-тапсырма. Өзіңізді тексеріп көріңіз.
1. Жоспарға сай болатын жиналы а) акционер
2. Жоспарда жоқ жиналыс ә) көбеюі
3.Күн тіртібінде б)кезекті жиналыс
4. Санның артуы в)кезектен тыс жиналыс
5. Акциясы бар адам г)қаралатын мәселе
ҮІІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. Жаңа сөзерді және мақалды жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |