Сабақтың тақырыбы: Биназар батыр Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата31.12.2019
өлшемі79,5 Kb.
#54826
түріСабақ
Ташкентбаева Ляззат Алтайқызы «Өлкетану» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: Биназар батыр

Сабақтың мақсаты: 


Білімділік: Биназар батыр туралы білімдерін жетілдіру.


Дамытушылық: Оқушылардың ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып,дәлді пікір айтуға үйрету.


Тәрбиелік: Өз елінің батырларын танып білуге,оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  • Оқулықтар, суреттер

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылар мен сәлемдесу;
2.Оқушыларды түгендеу;

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару; 

Психологиялық дайындық.

Иіліп сәлем бердік, Атқан күнге!

Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға!

Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге!

Иіліп сәлем бердік, Достар бірге!

ІІ. Оқушылардың білімін тексеру.

«Кубизм» арқылы сұрақ-жауап алу.



ІІІ. Жаңа сабақты мақсаты:

 Батырдың елін жаудан қорғағаны, әрі би болғаны туралы мағұлмат беру.


ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тірліктің ауыры шын,қиыны шын,

Тарихтың жетіп жатыр күйініші...

Биназар батырлықпен өле білген,

Болашақ ұрпағының бүгіні үшін.

Қадыр Мырза -Али

Мойынқұм өңірінде өмір сүрген Биназар батыр аласапыран алмағайып заманда артынан ерген жұртына пана болып, оны жауларынан қорғаған. Ашыққан халықты егіншілікке үйретіп,өзі бас бола тұра оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу Ыбыраһымды болыстыққа сайлатқан.Соның арқасында мұндағы ел тыныштық жақсы өмір сүрген...

Қазақ қазақ болғалы небір аласапыранды қым-қуат қиыншылық пен тауқыметтерді басынан өткізді емес пе? XVIIIғасырда жоңғар шапқыншылығы ұзақ уақытқа созылып, халқымыздың тоз-тозын шығарып, көптеген қалаларымыздың тас-талқанын шығарады.Абылай хан үш жүздің басын біріктіріп, жұмылдыруының арқасында 1750 жылдары жоңғарларды ойсырата жеңіп, атамекенімізді жаудан тазарта алды, Еліміздің шұрайлы, қойнауы қазба байлыққа толы жеріне ХІХ ғасырда оңтүстіктегі Қоқан хандығы көз алартып,оқтын-оқтын қарақшылық шабуыл ұйымдастырумен болды.

Бірде қоқандықтардың кезекті шабуылында Сыпатай батыр Дулаттың Сиқым, Жаныс,Ботпай,Шымыр,ұлдары ұрпақтарының басын қосып қарсы тұрады.Сол кездегі ұрыс салты бойынша екі жақтың батырлары жекпе-жекке шығып күш сынасатын белгілі.Қоқандық дүлей күштің иесіне қазақтан бірінен сон бірі шыққан екі-үш батыры төтеп бере алмайды.Амалсыздан Сыпатай батырдың өзі қоқандыққа қарсы жекпе-жекке шықпақшы болғанда кеңесші қария :« Сыпатай,қолбасшы тек қолбасшымен ғана жекпе-жекке шығуы тиіс»дейді.Сонда ұрысқа бірінші кіргелі тұрған жас батыр Биназар:


  • Ақсақал,мен бұрын-сонды көрмеген соң қомсынып тұрған щығарсыз,батаңызды

беріңіз,халқымның жолында құрбан болсам арманым жоқ.Бірақ мен жекпе-жекке жеңілем деп емес, жеңем деп шығып бара жатырмын,- дейді ағынан жарыла.

Жас батырдың сеніммен айтқан сөзі қарияны селт еткізбей қоймаса керек, «Балам, кейпіңе қарасам батырлығын басым сияқты» деп қолын жайып,ақ батасын береді. Сол сәтте Биназар Қоқан батырына қарай қарсы шауып,екі жақ та мына жас батырдың тегін емес екендігіне көз жеткізеді.Әруағы тасыған жас жігіттің күші басым түсіп,Ұоұанның батырын атынан аударып түсіреді. Одан әрі әй-шайға қарамай қоқандықтардың қолына қарай қарсы шабады. Қоқандықтарды ойсырата жеңуге тікелей әсер еткен осы жекпе-жектен кейін атағы жер жарған Биназар батыр Дулаттың бел баласы Шымырдың алты ұлының кенжесі Шынқожадан тарайтын Көкірек руынан еді.Сөйтіп Биназар от жүректі ерлігімен елінің ұранына айналады.

Көкіректің байырғы мекені қазіргі Оңтүстік Қазақстан обылысының Түлкібас ауданының жері болған.Алдында мыңғырған малы жоқ елдің көбі кедейшілікпен өмір сүрген.Біразы тіршілік қамымен жан-жаққа көше бастаған. Биназар көп ойланып-толғанып,тарыдай шашыла бастаған ағайындарының басын қосып, іргелі ел етсем деген мақсатпен халқына қолайлы қоныс іздеп арнайы жолға шығады. Шудың бойын жағалап,Мойынқұмның ұшы-қиырсыз ен даласына жетеді.

Арнасы кең,суы мол өзен,әр сексеуылдың түбі бір асым ет – жүгірген қоян,аң-құс қисапсыз көп екенін көзімен көрген Биназар баба Мойынқұмнан қолайлы қоныс табылмайтынын түсініп, көп ұзамай ағайындарын Шу бойына көшіріп әкеледі. Ташкеннен күрек-кетпен,сайман алдыртып,ерте көктемде жұртшылықты жұмылдырып,канал қаздырып,жоғарыдан Шу өзенінің қылта тұсын бөгеп елге су жеткізіп,егін ектіртеді.Бірер жылда-ақ елдің тұрмыс деңгейі едәуір көтеріледі.Көзі ашық, санасы ояу Биназар батыр балаларды оқытуға ерекше көңіл бөлген.Арабша хат танитын молдаға мектеп аштырып,ауыл балаларын оқытқызған.Биназар шуыртпалы Ағыбай батыр мен ысты Бөлтірік шешенмен айтарлықтай сыйластықты қарым-қатынаста өмір кешкен.Биназар тек батыр ғана емес,ол елді елдікке,бірлікке шақыра білді.Халықты отырықшылыққа үйретті,жаудан қорғады.Өзіне жасалған қастандықты біле тұрып,батырлығынан кір жуытпай у салған етті жеп, Жайлаубек болысты өлімнен арашалап қалды.Жасы келіп қалған батыр оқыған көзі ашық Жайлаубек тірі қалса елінің ертеңі үшін қыруар жұмыс жасайтынын білді.Көзін жұмып бара жатқанда: «Менің кегімді даулап,бірге туған ағайындармен араз болмаңдар» деген соңғы тілегін айтыпты.Мұндай тағдыр,мұндай ерлік ешкімнің еншісіне жазылмаған шығар.

Халқының тұрақтанып,өсіп-өркендеуіне Биназар атаның сіңгірген еңбегі ерен.Кезінде өзі қаздырған канл мен Коминтерн ауылына батыр бабаның есімі берілген.1994жылы Биназар Ақаділұлының Сұңқар сайысындағы зиратына кесене тұрғызылды.Ауданның Бірдік ауылында Биназар батырдың ел-жұрты орнатқан еңселі ескеркіші тұр.

Биназар бабаның сүйікті ұлы мен өзінің өміріне жасалған қастандыққа кек сақтамай,елді алаламай,жұртшылықты ынтымақты бірлікке үндеп жарастыруы кім-кімге де үлгі-өнеге емес пе? Осы игі дәстүрді Биназар батыр атаның ұрпақтары жалғастыруда.



V. Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру

«Күннің көзінен бұлтты ашу» ойыны.

1.Биназар батыр қай жылы дүниеге келген,қай жылы қайтыс болған?

2.Арабша оқытқан молда кім?

3.Биназар батыр өз елі үшін не істеді?

4.Биназар батыр не үшін Жайлыбектің у қосылған тамағын жеді?

5.Биназар батырдың руы қандай?

6.Көкірек руының мекені қай жер?

7. Биназар батыр неге Шу бойына көшіріп әкелді?

8. Биназар батыр сайлаған болысын ата?



VI. Жаңа сабақты бекіту...

«Топтастыру әдісі» арқылы

Овал 20

Овал 16Овал 17Овал 18

Овал 10Овал 13

Овал 9

Овал 7Овал 8

Овал 4Овал 3

VII. Үйге тапсырма:

Биназар батыр туралы оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет