Сабақтың тақырыбы: “Биосфера құрамы. Биосферадағы тірі организмдердің
қызметі. Биосфераның, ноосфераның пайда болуы және дамуы”
Биология пәні мұғалімі: Төлесінова Ә.Е.
Құлсары, 2014 жыл
Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 11 “б”
Сабақтың тақырыбы:Биосфера құрамы. Биосферадағы тірі организмдердің қызметі. Биосфераның, ноосфераныңпайда болуы және дамуы
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік:Биосфераның құрам бөліктері: тірі зат, түрлік құрамы, әртүрлілігі және биомассаға қосқан үлесі, биосфераның биосірескен және сірескен заттары (В.И.Вернадский) ілімдері туралы білім беру. 2.Дамытушылық:оқушылардың білімдерін лездемелік сұрақтар, биологиялық диктант, сәйкестендіру кестесі, тест, т.б. тапсырмалар орындату арқылы сабаққа деген қызығушылын арттыру. 3.Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге, шығармашылық ізденімпаздыққа, тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:ашық сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, биологиялық диктант, сәйкестік кестесі, кім жылдам сұрақтары, тест