Сабақтың тақырыбы: "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу"



Дата13.02.2017
өлшемі16,16 Kb.
#9056
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

  • “Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу”

Сабақтың эпиграфы:

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:
  • бір айнымалысы бар сызықтық
  • теңдеулерді шығара алу;
  • Дамытушылық:
  • бір айнымалысы бар сызықтық
  • теңдеулерді шешуде практикалық
  • дағдыны қалыптастыру;
  • Тәрбиелік: бір-біріңе көмек көрсете білу,
  • ұйымшыл, әрі жинақы болу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

  • І. Бәйтерекке саяхат
  • ІІ. Ақ ордаға саяхат
  • ІІІ. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхат
  • ІV. Мұхит аралына саяхат
  • V. Нұр-Астана мешітіне саяхат жасау
  • 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек»
  • монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
  • Бәйтерекке саяхат

“Қайталау – оқу анасы”

  • Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
  • Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
  • Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
  • Егер болса, бір айнымалысы бар сызықтың теңдеудің түбірі қалай табылады?
  • Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер?

Қазақстанның математигі

  • Ақ ордаға саяхат.
  • Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40  см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы сот ғимараты, Министрліктер үйі орналасқан.

«Білім - басты мұрат» (А,В,С деңгейлік тапсырмалар э.о.)

  • Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығы.
  • 2010 жылы Астананың туған
  • күнінде сәулеттік тұрғыдан
  • бірегей құрылыс – «Хан
  • шатыры» сауда ойын-сауық
  • орталығы ашылды. Ол қазір әлемдегі ең биік және ең үлкен шатыр, оның шпилінің биіктігі 150 метр. Ғимарат орасан зор мөлдір шатыр болып табылады. Оның күмбезінің арнайы материалдан жасалған, үш қабатты жабыны Астананың жазда 35 градус ыстық, қыста 30 градус аяз болатын қатаң ауа-райына шыдайды, күн сәулесін жақсы өткізіп, қысы-жазы бір температура ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шатырдың жалпы ауданы он футбол алаңынан үлкен. Жобаның авторы белгілі архитектор Лорд Норман Фостер.

«Білім-таусылмайтын кен» Тест есептер.

  • 1. Теңдеуді шешу: 0х=5
  • а) 0; в) 5; с) түбірі жоқ
  • 2. Теңдеуді шешу: 7х+3 = х+15
  • а) 2,25; в) 2; с) 3
  • 3. Теңдеуді шешу: 0х = 0
  • а) 0; в) 1; с) х- кез-келген сан
  • 4. Теңдеуді шешу: 6х-7 = х+3
  • а) 2; в) -4/7 с) -4
  • 5. Теңдеуді шешу: 3х = 1
  • а) 3; в) 1/3 с) 1

Жауаптары.

  • С
  • В
  • С
  • А
  • В

Мұхит аралы.

  • Қазақстанның астанасында әлемде мұхиттан ең қашық жердегі океанариум – «Думан» ойын-сауық орталығы орналасқан. Оған үш миллион литр су және 120 тонна теңіз тұзы жұмсалды. Мұнда теңіз жануарларының жүзден аса түріне жататын екі мыңнан аса балықтар мен түрлі жануарлар өмір сүреді. Келушілерді әсіресе акуланы тамақтандыру сәті аса қызықтырады.
  • Теңдеу құрып, есепті шығарыңдар:

Нұр – Астана мешітіне саяхат.

  • Монумент түнде керемет
  • жарқырайды. Айналасына
  • келсек, бір жағында
  • Қорғаныс министрлігі ғимараты, ал екінші жағында – Сыртқы істер министрлігі ғимараты орналасқан. Ішінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залды кездестіреміз.. Мешіт көлемі 4000 шаршы м тең. Ол 2005 жылы 26 мамырда ашылды

Шығармашылық жұмыс.

  • Сөз жұмбақ «Қазақстан»
  • Қ
  • А
  • З
  • А
  • Қ
  • С
  • Т
  • А
  • Н
  • 1. Математикалық 4 амалдың біреуі.
  • 2. 5-сынып. Математика оқулығының авторы.
  • 3. Қосу амалына кері амал.
  • 4. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан.
  • 5. Айырмашылығы таңбасында ғана болатын сандар?
  • 6. Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек қалай аталады?
  • 7. Әріпті өрнектердің теңдігін не дейміз?
  • 8. Бүтін және бөлшек сандарды қандай сандар деп атаймыз?
  • 9. Санауға қолданатын сандар

жауаптар

  • Қосу
  • 2. Алдамұратова
  • 3. Азайту
  • 4. Аралас
  • 5. Қарама-қарсы
  • 6. Бұрыс
  • 7. Теңдеу
  • 8. Рационал
  • 9. Натурал сандар

Тірек сызба

  • ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы х-айнымалы, а және b-қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
  • 1 қасиет:
  • теңдеудегі қосылғыштың таңбасы қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
  • 2 қасиет:
  • теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
  • Бір айнамаласы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:
  • Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;
  • Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;
  • Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;
  • Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің түбірін табу керек.

ах=в теңдеудің шешімдері санының

  • ах=в теңдеудің шешімдері санының
  • үш түрлі жағдайы бар:
  • , болса түбірі болады
  • , ох=b теңдеудің түбірі болмайды
  • , ох=o теңдеуінің түбірі кез келген
  • сан болады

Үйге тапсырма.

  • $ 31; №856


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет