Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы теңдеулер. Пысықтау сабағы. Сабақ кезінде нақты іске асырылған іс әрекеттер



Дата26.08.2017
өлшемі24,98 Kb.
#28154
түріСабақ
27. 01. 2017 оқу жылы 6 «ә» сыныбында өткен «Бір айнымалысы бар теңдеулер» атты ашық сабаққа сараптама.

  1. Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы теңдеулер. Пысықтау сабағы.

  2. Сабақ кезінде нақты іске асырылған іс – әрекеттер:

1. Оқушыларды топқа бөлдім;

2.Топтық жүйеде жұмыс жасалды;



3. Сабақты сайыс ретінде өткіздім.

  1. Мұғалімнің іс - әрекетінде қарастырылатын дидактикалық, тәрбиелік мақсаттары: 1.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуде деңгейлі тапсырмаларды қарастыра отырып, білімдерін пысықтайды; Топтың атына байланысты мақал-мәтелдерді жинап, олардың мағынасын ашып, өздеріне қорытынды жасайды.

  2. Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама:

    1. Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы.

    2. Сабақтың сипаттамалық кезеңі: Сабақты топқа бөлуден бастадым. Бұл сыныпта 16 оқушы болғандықтан үш топқа бөлдім. Топтың аттары: Еңбек, Мақсат және Білім тобы болды. Сабақты қайталау кезеңінен бастадым, яғни оқушыларға ауызша сұрақтар қою арқылы сабаққа дайындық жасадым. Келесі сатыда оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды ұсындым, бұл сабақтың үш кезеңін құрады. Бірінші деңгей: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер; екінші деңгей: Бір айнымалысы бар рационал бөлшек теңдеулер; үшінші кезең: мәтінді есептерді шығару болды; және ең соңғы кезең: күрделі творчестволық мәтінді есеп еді. Оқушылар белгіленген уақытты топтық жүйеде берілген тапсырмаларды орындау арқылы топтың атына сәйкес мақалдарды жинау керек болды. Әр тапсырманы орындауға 10 минут, соңғы тапсырмаға 15 минут бөлдім.

    3. Сабақ мазмұнының дидактикалық, ғылымилық, тізбектілік, қайталау, т.б. принциптермен сәйкес келді. Себебі сабақ барысында білімдерін жүйелеу арқылы бекітті, толықтырды, өз қателерін өздері топтық жүйеде дұрыстады. Мәтінді есепті шығаруда логикалары дамыды, шапшаңдық пен ұқыптылықтары да ұшталды.

    4. Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері: Сабақ сайыс түрінді өтті, оқушылар жарысу арқылы пәнге деген қызығушылығы оянды, және мақал – мәтелдерді ашып, олардың мағынасын ұғып, оны өздері бір сөзбен қорытындылау арқылы кері байланыс жасады. Бұл жерде тек есеп шығарумен шектелмей сабақты әдебиетпен байланыстырып, тәрбиелік мақсатта бөлім жүргізілді.

    5. Мұғалімнің сабаққа өзінің қойған бағасы: Менің ойымша сабақ өз ойлаған мәресіне жетті. Жоспар бойынша ойластырылған ең соңғы есеп қана қалып қойды. Жалпы сабақтың басында қойған мақсатыма жеттім. Кері байланыс, бағалау бәрі өз уақытында, және оқушылардың қатысуымен жүргізілді.

    6. Техникалық жабдықтармен оқытудың мақсатқа сай болуы, олардың сабақ мазмұнымен үйлесімділігі: Сабақта негізінен интерактивті тақта орынды қолданды.

    7. Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын бағалау: Сабақ барысы ойдағыдай өтті. Оқушылардың барлығы өз білімдеріне сәйкес бағаланды. Рефлексия «Блоб ағашы» арқылы жүргізілді. Кері байланысты оқушылардың негізінен жасаған ұсынысы: осындай топтық жүйеде өтетін сабақтардың ұнайтындығы және оқушылардың өздері жүргізген бағалау шынайы боп келетіндігі.

Сабақтың жетістіктері: Менің ойымша 6 сыныпқа өткізген сайыс сабағы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес болды. Оқушылар топтық жүйеде жұмыс жасау арқылы ашылды, топта өз үлесін қосып, білімдерінің бар екендігін дәлелдеуге тырысу арқылы сабақ қызықты өтті.

Математика пән мұғалімі: Жансүгірова Жанар Базилхановна.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет