Ақтөбе қаласы. М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Арыстанова Эльмира Мерғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: «Бір атаның балаларындағы» кейіпкерлері бейнесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Шығарма мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеті арқылы оларға баға беру.
ә) дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой –қиялына ерік бере отырып
өзінше ой түюге баулу, ізденіс жұмыстары арқылы логикалық ой қабілеттерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа, адамгершілікке, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қортынды сабақ
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, семантикалық карта,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасы: М.Мағауиннің «Бір атаның балалары»
ІІІ. Ой қозғау. Шығарма мазмұнын еске түсіру сұрақтары.
1. Шығарма қалай басталады?
2. Дәуренбектің Ахмет шалға «жауды аяған жаралы» дегенді білмейсіз бе? –деуінің себебі не?
3. Қазақ балалары мен Зекеннің арасындағы қарым-қатынас қандай болды?
4. Ахметтің үстінен арыз түсу себебі не?
5. Ахмет неліктен көрші колхозға көшті?
6. Шығарманың идеясы қандай? (Жетім балдардың тағдыры)
2. Талдау. Кейіпкерлері: Дәуренбек-есепші, Берден- бригадир, Ахмет-ауыл ақсақалы, Нартай- Ертай-ағайынды бауырлар, Рашит-татар баласы, Яков-орыс баласы, Зигфрид-неміс баласы, т.б
Портрет.
І-топ: Зигфрид- көк көзді, жалбыраған ұзын сары шашты сары бала. Кірпігі мен қасы сары.
ІІ-топ: Ахмет- ширатылған ұзын бозғылт мұрт, шоқша сақалды, өңі желмен күнге тотыққан ақ сұр шал.
ІІІ-топ: Дәуренбек-қара галифе шалбарлы, әскери гимнастеркалы жігіт.
І-топ: Теңеу: а) Жұрттың дабыры пышақ кескендей тыйылды.
Ә) осы ауылдан сайдың тасындай қырық үш азамат кетіп еді.
Б) жау шапқандай абыр-сабыр болды да қалды.
Синоним. Реніш, өкпе болмасын
Ә) ырсылдап, күрсілдеп ұзақ жүрді
Б) бәрекелдесіп қостап, бас изеп мақұлдағанмен
Антоним. А) күндіз мал қарап, түнде күш-көлік баға ма?
Ә) кейде өр жақтан, кейде ой жақтан топырлаған тұяқ даусы.
Б)үлкен-кіші, кәріжас демей тегіс жиналды.
Тұрақты тіркестер. І-топ: тас бауыр боп кете ме деп күдіктенем, құйысқанға қыстырылмай қой шырағым, төбесі көкке жеткендей
ІІ-топ: дисфемизм- атаңның аузы (дөрекі сөздер, күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм дейміз)
ІІІ-топ: мақал-мәтел: айтылған сөз-атылған оқ.
І-топ: Ахмет пен Дәуренбекке мінездеме бер және дәлелде.
Ахмет-балажан, бауырмал, қайсар, алған бетінен қайтпайды, ақыл-парасат иесі. Зекенді өз баласындай сүйеді, тез ашуланады,бірақәр нәрсеге байыппен қарайды,бауырына басқан баласы үшін көрші ауылға көшіп кетеді.
Дәуренбек- жауға деген өшпенділігі мол, тез ашуланғыш, өте қызықанды, неміс пен фашисті айыра алмайды.
ІІ-топ: Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс-әрекеттерді саралау және Зекенге мінездеме бер, дәлелде:
тілін кәлимаға келтірді
сүндетке отырғызды
асық жілік ұстар тойы өтті
Зекен Бегімбетов атанды
құмнан қорған соғады,балшықтан үй қалайды
3-4 аптадан аяғын күс басқан, қара сирақ, қара торы бала болды
аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп-тұрды
тілі біршама бастыққан, ептен қазақша сөйлей бастады
Нарымбеттің інісі атанды
асық ойнап, суға шомылды
мал қайыруға көмектесті
Балалар Республикасының тең құқылы азаматы атанды
Зекен-жайдары, жомарт, ұғымтал, кекшілдігі жоқ, ақылды, атқұмар, атасына көмекші.
ІІІ-топ: -Шығармадағы балалар тағдыры мен бүгінгі таңдағы жетім, тастанды балалар жайында пікіріңді айт.
ІҮ. Семантикалық карта
Кейіпкер сөзі
|
басқарма
|
Дәуренбек
|
Ахмет
|
Берден
|
Тілеубай
|
Әй, өңшең қара сирақ! Мына Зекеннің бетінің балшығын жуып, суға малтытып үйретіңдер
|
|
|
+
|
|
|
Құртқан екен ғой. Оған бұл арада ахаңның жирен қасқасынан басқа ат жетпейді.
|
|
|
|
+
|
|
Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.
|
+
|
|
|
|
|
Аха, ісектің терісін әкеліңіз. Бүгін тартылмаған көкпар сірә, тартылмайды.
|
|
|
|
|
+
|
Сіздерден жасыратын несі бар, тегі жаман неміс. Бұлбаланың орны детдом емес еді, панасыз қалған соң алынған екен.
|
|
+
|
|
|
|
Ү. «Балық аулау» ойыны
І-топ: 1. Зигфридтің мінез-құлқына тоқталыңыз (Жайдары, жомарт, ұғымтал, кекшілдігі жоқ, ақылды)
2. Зигфридтің әрекеттеріне тоқталыңыз (Барлық жағдайға да тез бейімделгіш, ешкімді алаламайды, еңбекқор)
3. Зигфридтің ұстанымы қандай? («Бәріміз бір өзеннің арнасы, бір атаның баласымыз»)
ІІ-топ: 1. Ахметтің мінез-құлқына тоқталыңыз (Ашушаң, молданы үйінен қуып шығады. Балажан, бауырмал, қайсаржәне алған бетінен қайтпайды. Ақыл-парасаттың иесі.)
2. Ахметтің әрекеттеріне тоқталыңыз (Бауырына басқан баласы үшін, өзге ауылға көшіп кетеді. Зекенді өз баласындай сүйеді. Тез ашуланады, бірақ әр нәрсені байыппен жасайды.)
3. Ахметтің ұстанымы қандай? («Сыртқы түр-перде. Ішін айт, пиғылын айт»)
ІІІ-топ: 1. Дәуренбектің мінез-құлқына тоқталыңыз (Жауға деген өшпенділігі мол. Тез ашуланып, қырсығып қалады. Өте қызу қанды)
2. Дәуренбектің әрекеттеріне тоқталыңыз (Өз қателігін мойындап, Ахметтен кешірім сұрайды. Ахмет қарияға қарсы шығып, қатты сөздер айтады. Неміс пен фашисті ажырата алмады.)
3. Дәуренбектің ұстанымы қандай? («Жауды аяған жаралы»)
1.Топтастыру Қайсарлық, әдептілік
өжеттік
ақылдылық, жомарттық бауырмалдық
достық, адамгершілік
Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді топтастырыңыз
Ұяң, аңғал қонақжай, ашущаң
Жомарт, діншіл
Мейірімді, жайдарлы
ҮІ.Сабақты қортындылау
Тест
1. Балаларды ауылға не үшін алып келді?
А)жұмыс күші үшін ә)соғыс болғандықтан б)жетім қалғандықтан в)баласы болмағандықтан
2. Бригадир Берден қай баланы алды?
А)Нартайды ә)Ертайды б)Зигфридті в)Яковты
3. Сол ауылдан соғысқа қанша азамат қатысты?
А)43 ә)39 б)52 в)28
4. Нартайды кім алды?
А)бригадир Берден ә)орақшы Тілеубай б)Ахмет в)Жақан молда
5. Ауылға қанша бала әкелді?
А)төрт ә)бес б)жеті в)алты
6. Зигфридттің қасиеттері:
А)кекшіл ә)қорқақ б)жайдары, пысық в)бұзық
7. Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде Ахметпен жанжалдасқан кім?
А)басқарма ә)Дәуренбек б)ауыл адамы в)Әйелі
8. Ахмет қай ауылға көшті?
А)Қызыл ту ә)Балдырған б)Қайрат в)Ауыл тұрмысы
Әңгіме кестесі сұрақ арқылы жауап алу
Бір атаның балалары
Мұхтар Мағауин
Ахмет,Берден Дәуренбек, т.б
Соғыс кезіндегі ауыл тұрмысы, панасыз балаларды суреттейді
Зигфридті Ахмет ақсақалдың өзіне бала етіп алуымен
аяқталады
Ер баланың қазақ отбасындағы ерекше орны, мейірімділікті,
батылдықты, бауырмалдықты үйретті
«Адамзаттың бәрін сүй-бауырым деп» Абай
ҮІІ.Үй тапсырмасы: Зигфридке хат жазу, Достығымыз жарасқан ойтолғау
ҮІІІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |