Сабақтың тақырыбы Біреуге ор қазба өзің түсерсің Мақсаты



Дата05.02.2022
өлшемі41,46 Kb.
#20641
түріСабақ

Сабақ жоспары



Сыныбы 4

Күні 12.02.2014

Сабақтың тақырыбы



Біреуге ор қазба - өзің түсерсің

Мақсаты



Көркем әдебиеттің бір туындысы-ертегілер туралы білімдерін толықтыра отырып,оқыған ертегідегі негізгі ойды анықтау?
Олардың шешімдерін және шешу жолдарын қандай?

Күтілетін нәтижелер

Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді біледі.
Олардың шешімдерін және шешу жолдарын біледі.

Керекті жабдықтар

Оқулық, тақырыптық, плакаттар, проектор, ноутбук, оқулық

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Амандасу

Күз мезгілінің үш айына (қыркүйек, қазан, қараша) байланысты сыныпты 3 топқа бөлем. (топқа қызыл, сары, жасыл түсті жапырақтарда жазылған басшы, орынбасар, хатшы, баяндаушы, таймкипер рөлдерін беремін).





Сынып шеңбер болып тұрады.

Күз мезгілінің ай аттарына байланысты бөлінеді.


Топтар қызыл, сары, жасыл түсті жапырақтарда жазылған басшы, орынбасар, хатшы, баяндаушы, таймкипер рөлдерін бөліп алады.



Тұсаукесер

Сабақтың мақсатын түсіндірем.

Мақсаттан сабақ критерийін шығарамыз.


«Өкіл» әдісінің қалай орындалатынын экраннан көрсетемін.



Сабақтың мақсатын түсінеді.

Сабақ мақсатынан сабақ кретирийларін шығарады.




Кретирий: 1.екі айнымалысы бар теңсіздікті білу;
2.екі айнымалысы бар теңсіздіктің шешімін білу;
3.екі айнымалысы бар теңсіздіктерге берілген есептерді шешу.

Негізгі бөлім

«Өкіл» тәсілі арқылы жаңа тақырыпты ашу, талқылау.
Әдісті түсіндіріп өтем.

Екі айнымалысы бар теңсіздік дегеніміз не?


Екі айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп нені айтамыз? Екі айнымалысы бар теңсіздікті шеуді мысалдар арқылы ұғыну керек екендерін айтам.
Оқулықтан есеп берем.
Орындап, талқылап болғаннан кейін есептердің шығарылу жолдарын берем, өздері тексеріп шығады. Басқа топтармен бөліседі.

Берілген тақырыпты әр оқушы оқып шығып, топта талқылайды.
Топтан өкіл шығып басқа топты бақылап келеді, топта талқылайды. Тыңдап отырған топ мүшелері осы айтылғандарын баяндап, түсінгендерін ортаға салады.

Оқулықтан есептер беріледі топ мүшелері жеке жұмыстанады, жұптарымен бөліседі, топта талқылайды. Дұрыс жауаппен тексеріп шығады. . Басқа топтармен бөліседі



Қорытынды

Сұрақ-жауап
Жаңа сабаққа байланысты бекіту сұрақтарын қойып, оқушылардың қаншалықты меңгергендерін анықтап, бекітем.

Үйге тақырыпты оқу, оқулықтан № есепті шығару.


Толық, жақсы жауап беген оқушыларды мақтау, бағалау.



Оқушылар берілген сұрақтарға әр кім жеке жауап береді.


Үйге тақырыпты оқу, оқулықтан № есепті шығару.

Оқушылар сабақ соңында кретирийлерге байланысты бағаланады.


Сабаққа рефлексия жасау





Сабақтың өзіндік талдауы
Оқушыларыммен сынып ережесін еске түсірдік. Сыныпты топқа бөліп алдым және бірігіп топ ережесін шығарып алдық. Топ мүшелеріне рөлдер бөліп бердім. Тақырыппен танысып, сабақтың мақсатын шығардық, мақсаттан сабаққа критерий құрдық. Сол критерий арқылы бағаланатындары айтылып кетті. Негізгі бөлімде жаңа сабақты диалогты оқыту модулінің «өкіл» әдісі арқылы өткіздім. Алдымен әдісті оқушыларыма түсіндіріп алдым және не білу керек екендерін естеріне салып кеттім. Жаңа сабақты алдымен жеке белсене оқыттым, диалогтық байланыс арқылы топта талқылатып, басқа топтармен бөлісті. АКТ модулі бойынша презентация арқылы тақырыпты бірігіп талқыладық. Оқушылар бірден түсініп, қызығушылықпен белсене қатынасты. Оқулықтан тапсырмаларды топта орындап басқа топтармен бөлісті. Тақтамен жұмыстанды. Тақырыпты жақсы меңгергендері есептер шығару барысында көрініп жатырды. Дарынды және талантты балаларды оқыту модулі бойынша оқулықтан берілген тапсырмалар жоғарғы және төменгі деңгейде болды, топ мүшелері өз деңгейлеріне қарай жұмыстанып отырды. Жаңа тақырып бойынша бекітуге сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша төменгі және жоғары деңгей сұрақтарын бердім. Бағалау модулі бойынша оқушыларға бір-бірін бағалатып, критерий бойынша өзім қорытынды бағаладым. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыстандым, ескерілді. Сабақ соңында оқушылардың пікірлерін сұрап өттім. Оқушыларым бұл сабақтан мол әсер алып, тақырыпты өз беттерімен меңгергендеріне риза болғандарын, оларда бір серпіліс бар екенін байқадым.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет