Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер Сабақтың мақсаты: Біліміділік



Дата16.01.2020
өлшемі44,94 Kb.
#55997
Байланысты:
000892ef-1f19c3d3

Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер

Сабақтың мақсаты:

  1. Біліміділік: Санның бөлігін, бөлігі бойынша санды табу дағдыларын арттыру. Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысы есептерінің ережесін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: Ойлау, есеп мазмұнын талдау, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың өту әдісі:

Күтілетін нәтиже: Жай бөлшектерге амалдар қолдана білу, санның бөлігі, бөлігі

бойынша сан ұғымдарын шатыстырмау.



Қолданылатын әдебиеттер, көрнекіліктер: проектор

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау. 2 топқа бөліп.

Үй тапсырмасын тексеру № 875

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Күнделікті тұрмыста екі немесе бірнеше жұмысшы бірлесіп бір тапсырманы орындайтын жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, шебер мен оның үйренушісі бірлесіп бір тапсырманы орындайды, құрлысшылардың екі бригадасы бірлесіп бір үй салады. Сол сияқты екі немесе үш құбырдан қатар аққан сумен хауыз толады және т.с.с.

Бір-біріне қарсы қозғалған екі дененің қозғалысы және өзендегі катердің ағыспен, теплоходтың ағыспен қозғалыстары да бірлесіп орындалатын жұмыстарға жатады. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығаруда: орындалатын жұмыс мөлшері, хауыздың көлемі, қашықтығы және т.с.с. шамалар бір бірлік ретінде алынады.

1-есеп. Цистернаны бензинмен бірінші насос 24 минутта толтырса, екінші насос 40 минутта толтырады. Екі насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырылады?

Шешуі (үлгі): 1- цистернаның сыйымдылығы



  1. (цистерна)-бірінші насос 1 минутта бензинмен толтырады.

  2. (цистерна)-екінші насос 1 минутта бензинмен толтырады.

  3. (цистерна)- 1 минутта екі насостан қатар аққан бензинмен толтырылады.

  4. (мин)- екі насос қатар жұмыс істегенде цистерна бензинмен толтырылады.

Жауабы: Екі насос қатар жұмыс істегенде цистернаны 15 минутта бензинмен толтырады.

ІІІ.Үйіміздің іргетасын қалайық.

1. Жай бөлшектің негізгі қасиеті.

2. Жай бөлшектерді қосу.

3. Жай бөлшектерді азайту.

4. Жай бөлшектерді көбейту.

5. Жай бөлшектерді бөлу.

6. Санның бөлігі қалай табылады?

7. Бөлігі бойынша сан қалай табылады?

ІІІ.Есептер шығару. Қабырға тұрғызу.

№847


  1. 1 топқа Еңлік-20 мин;

Әйгерім-30 мин;

Жүйектегі бүлдірген-1. Бірлесіп неше минутта теріп болады?



- Еңлік 1 минутта тереді

- Әйгерім 1 минутта тереді

- 1 минутта жүйектегі бүлдіргенді бірлесіп тереді

мин. –екеуі бірлесіп теріп болады.

2 топқа

  1. 1-ұста 20 күнде

2-ұста 12 күнде

3-ұста 15 күнде



Үш ұста бірлесіп даярласа неше күнде дайын болады?

- 1 күнде 1-ұста даярлайды

- 2-ұста 1 күнде даярлайды

- 3-ұста 1 күнде даярлайды



Үш ұста бірлесіп істеп болады.

Жауабы: Үш ұста бірлесіп істесе 5 күн қажет болады.


ІҮ. Сергіту сәті:

Жұмбақ

Біз санбыз

Сызықпен бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас

Ондық болып бөлінген

(Бұрыс бөлшек)




Санамақ

Төбеден төрт бөктергі.

Аңдытып қос бөктергі

Шаңқылдаса бір қарға

Үн қоспапты көп қарға

Секем ап бір дауыстан

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты

Тым тырақай қашыпты


Үш үкі үркіп ұшыпты

Тасқа құлап түсіпті

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап

Топ – топ тоғыз тоқылдақ

Қрғып кеткен топырлап

Сөйтіп қызық іс болды

Бәрі қанша құс болды.

31

№849
Арыстан-2 күн;

Қасқыр-3 күн;

Ит -6 күн



Қой-1. Бірлесіп неше күн жейді?





Жауабы 1 күнде


№851


Бірігіп – 12 мин

Ағасы -24 мин;

Інісі-40 мин;

Қарындасы -?



Аққала-1.







Бірігіп, ауызбіршіліпен, ынтымақпен жасалған жұмыс әр уақытта да нәтижелі болады.

Сабақтың қорытындысы: Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма №848, №852

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет