Сабақтың тақырыбы Бірөлшемді массив Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата22.12.2021
өлшемі52,5 Kb.
#127730
түріСабақ
Байланысты:
9 сынып 130 буйрык 3 токсан №1


О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі


Бөлім

Python(Пайтон) программалау тіліңде алгоритмдерді программалау

Педагогтің аты-жөні

Серкешбаева Ләззат Нұрмағамбетқызы

Күні

13.01.2021 ж.

Сынып 9 А,Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бірөлшемді массив

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.3.1 - бірөлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Массив ұғымын анықтайды

Оқушылардың басым бөлігі: Массив түрлері, типтері, ерекшелеіктерін салыстырады.

Кейбір оқушылар: Массивті қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру

«Ой қозғау» әдісі

  • Массив ұғымын қалай түсінесің?

  • Күнделікті өмірде біртипті деректердің үлкен ауқымымен жұмыс жасауға қандай мысалдар келтіруге болады?




Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазады. Сабақтың мақсаттарымен танысады






Оқулық: Информатика, С.Т.Мұхамбетжанова, А.С.Тен, Н.Г.Голикова – Алматы: Атамұра, 2019


Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.

Массив – бір атаумен біріктірілген, бір типтегі деректер ден тұратын айнымалылардың жиынтығы. Әрбір алынған жеке айнымалы массив элементі деп аталады.

Бірөлшемді массив – бір атауға біріктірілген бірнеше бір типтес элементтерден тұратын жиын. Әрбір элементтің өзінің реттік нөмірі болады. Реттік нөмір – массив элементінің индексі. Массив элеенттері бірінен соң бірі ретпен орналасады.

Массивті жариялаған кезде массивтің атауын, массив элементтерінің типін көрсетеміз. Массивтің өлшемі көрсетілмейді, ол кез келген уақытта жаңа элементтерді қосу арқылы кеңейтілуі мүмкін. Массивті Python-да пайдалану үшін array стандартты модулін импорттау қажет

Массивті жариялау үшін, массивтің атауын және айнымалылардың типін көрсету керек.

Мысалы, массивті float типімен жариялайық:



import array as arr

a = arr.array('f')
1-тапсырма. Array массивінде бірнеше операцияны орындаңдар:

1) 10-элементтің саны бар float типтегі массивті жариялап және оған нөлдік бастапқы мәндерді тағайындаңдар.

2) Array = 10 массивінің 3-ші элементін шығарыңдар. 3) Массивтің 8-ші элементіне 3,14 мәнін мен шік теңдер.

4) Массивтің 1 элементінің мәнін 1 мәнге арттырыңдар


2-тапсырма.

Жаңа терминдермен сөзжұмбақ немесе ребус құрастырыңдар: массив, индекс, массив типі және т.б.


3-тапсырма. https://onlinemektep.org платформасындағы материалды оқып шыққаннан кейін сабағымызды бекіту үшін платформада берілген тапсырманы орындайсыңдар.

Мұғалімді тыңдайды

https://youtu.be/A6UTKrKldtQ бейнесабағын көреді

Дәптерге орындайды.


Array массивінде бірнеше операцияны орындайды.

Жаңа терминдермен сөзжұмбақ немесе ребус құрастырады


https://onlinemektep.org платформада берілген тапсырманы орындайды

Қалыптастырушы бағалау: “Мадақтау” Барлығын орындаса- “Жарайсың”, қате жіберсе “Жақсы”, қате көп болса “Талпыну керек

Дескриптор арқылы бағалау


Балдық жүйе арқылы бағалау



90-95 беттер

Сабақ тақырыбы бойынша бейнефрагментке сілтеме



https://youtu.be/A6UTKrKldtQ

https://onlinemektep.org

Сабақтың соңы

Жауаптарының дұрыстығына байланысты балдық жүйе

Бүгін не үйрендім?

Неден қиналдым?

Нені қайталаймын?





https://onlinemektep.org

платформасында және www.kundelik.kz электрондық журналындада формативті бағалау





Үй тапсырмасы

Тақырыпты оқу

Тақырыпты оқу




Оқулық 90-95 беттер



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет