Сабақтың тақырыбы Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз Сабақтың мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі16,79 Kb.
#92588
түріСабақ
Байланысты:
сынып сағаты сыбайлас жемқорлық
5А тжб




САБАҚ: сынып сағаты

Мектеп:Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекназарова Гулшира Ауесбаевна






Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз




Сабақтың мақсаттары

1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.




Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы

Bilimland платформасы арқылы оқушыларды видеоконференцияға шақырамын.

Амандасу.


Балалар сендер «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

(Балалар өз ойларын айтады.)





Сабақтың ортасы

Оқушылар ютуб каналынан «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында видео көреді, видеодан не түсінгенін айтып, кері байланыс жасайды.
Сыбайлас-жемқорлық деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Оқушылар екі топқа бөлініп , мақал мәтел айтып жарысады. Бірінші топ оқушылары адамгершілік туралы мақалдың басын айтады, ал келесі топ сол мақалдың жалғасын табуы керек.


Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

  1. Адамгершілік болмай,
    Әділдік болмас.
    2.Адамның ұяты бетінде,
    Адамгершілігі ниетінде.
    3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
    Өзенге көпір салған бір сауап,
    Жолға ағаш еккен бір сауап.
    4.Адалдық — ардың ісі.
    5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
    6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
    7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
    8.Әділ айтқан жеңер.
    9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
    10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
    Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.




Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.



Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар видеоконференцияның чатына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, өз ойларын қорытындылап жазады

Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет