Күні: 28.11.2015
|
Сыныбы: 6 «Б»
|
Мұғалім аты-жөні
Қанатова А.Д
|
Мунайлы ауданы
Батыр ауылы,
№10 мектеп
|
Сабақтың тақырыбы: «Біздің тұңғыш Елбасымыз»
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің сан қырлы талант иесі, ерекше тұлға екенін таныту. Қазақстанымызды әлемге танытытқан, Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
|
Әнұран
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сәлемдесу.
Ұйымдастыру.
Оқушыларды үш топқа бөлу
|
Сәлемдесу
Өздерін ретке келтіру
Топқа бөлінеді
|
Мен бүгінгі сабағымды бастамас бұрын сіздерден сұрағым келіп отыр.
Н.Ә.Назарбаев кім?
Елбасының қызметі қандай?
Елбасының туылған жері?
Отбасы туралы не білесіңдер?
|
Оқушылар белсене қатысады
Сұрақтарға жауап береді.
Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.
|
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы видео көрініс көрсетемін және сұрақтар қоямын
|
Видео көріністі көріп, сұрақтарға жауап береді
|
Постер қорғау
Үш топқа үш түрлі тапсырма және 15 минут уақыт беремін
1 топ: Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2 топ: Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы не білесіңдер?
3 топ: Басшы адам қандай болу керек деп ойлайсың?
|
Әр топ өз беттерінше топпен жұмыс жасайды.
Уақытқа бағынып, 15 минут ішінде постерді аяқтайды.
|
Сергіту сәті:
Қара жорға биі
|
Оқушылар би билеп, сергіп алады
|
Ой толғаныс, жеке жұмыс (әр оқушы жеке жұмыс жасайды)
Елбасымызға өз туындыларыңнан
4 жолды өлең жазу
Елбасымызға арналған тілектерің
|
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Елбасына арнап жазған тілектерін, өлең шумақтарын жазады және айтып береді
|
|
|
Қорытынды: Елбасының өмір жолы ел сүйсінер өнегенің үлгісіндей. Ол – еңбек- сүйгіш, қажыр-қайратты, өжет, оза шапқан ер жүректің иесі.
Халқымыздың сеніміне бөленген Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінде әлемге әйгілі қайраткер, тарихтың ұлы тұлғасы, ел тірегі.
Елбасының бағдары – бірлік, татулық, ынтымақ. Сондықтан да қазақ елінің болашағы нұрлы, жарқын болашақ.
«Елбасы – біреу, ел – жұрты тіреу» - дегендей бір атаның баласындай қол ұстасып, қуаныш бөлісіп, тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін!
|
|
|
|
|