Сабақтың тақырыбы: Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері. Мұғалімнің аты-жөні



бет2/4
Дата12.01.2023
өлшемі415,78 Kb.
#165381
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
mzh.-blp-shyarudy-tr-azalar-shn-mayzy.-zhanuarlarday-blp-shyaru-nmder.-zat-almasudy-soy-nmder.
10 қмж 11, тжб 5, Ақбаян апай, Адалдық, Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org, 9 лекция Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі (1)
Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Гүл суреттері бойынша бөліну.
Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Жіптік құбыр» тренинг
Оқушыларға түзу қағаз беріледі. Оны екіге бүктейміз. Арасын сваркалап жалғағанда ұзын құбыр шығу керек. Шарикті жіберемін. Шарик құбыр бойымен жылжыйды..

1-топ:
Раушан
2-топ:Тұңғиық
3-топ:Түймедақ

«Жіптік құбыр» тренинг, қағаздар, шарик.



Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Ағза үшін бөліп шығарудың маңызы. 4-бөлімнен кез келген өсімдік және жануар жасушасы цитоплазмасында зиянды заттар түзілетінін білесіңдер. Бұл – тіршілік әрекетінің қалдықтары, жасушалар бұл зат- тарды мембрана арқылы бөліп шығарады. Өсімдік ағзасында қалдықтар күзгі жапырақ хромопластында не вакуолінде жинақталады, одан жапырақ түсіру кезінде тазарады.
7-бөлімнен жоғары құрылымды көпжасушалы ағзаларда барлық зиянды заттар жасушадан қанға шығарылатынын білдіңдер.
Қанның зиянды заттардан тазаруына жауапты басты бөлу мүшесі – бүйрек. Тері қосымша қызмет атқарады. Зиянды заттардың бір бөлігі бүйрек арқылы шығарылу алдында бауырда өзгеріске ұшырауы керек. 8-бөлімнен тыныс алу үдерісінде түзілген зиянды газ – көмірқышқыл
газының қаннан өкпе арқылы шығарылатынын білдіңдер.
Бөліп шығару мүшелері. Өсімдіктерде арнайы бөлу мүшелері жоқ. Бұл қызметті жапырақтар мен қылқандар атқарады, кейін олар түсіп қалады.Жануарларда газалмасу – тыныс алу өнімдері ағзадан өкпе арқылы шығарылады. Ал зат алмасудың сұйық өнімдері бүйрек және тері арқылы шығады. Ағзада зиянды заттарды залалсыздандыруда бауыр маңызды рөл атқарады.
Өсімдіктер мен жануарларда зиянды заттар – қалдықтар не шлактар түзіледі. Барлық шлак ағза үшін зиян. Егер олар жасушада, ұлпада немесе мүшелерде жиналатын болса, ағзаның өздігінен улану үдерісі жүреді. Сондықтан ағза олардан тезірек тазаруға ұмтылады. Оған жануарларда тыныс алу және бөлу мүшелері, ал өсімдіктерде ескірген мүшелері мен бөліктері жауапты. Жануарлардағы зат алмасудың соңғы өнімдері. Жануарлар тыныс алу барысында оттектің әсерінен нәруыздар, майлар мен көмірсулардың ыдырау үдерісінде қоректен энергия алады. Майлар мен көмірсулар үш элементтен: көміртек, оттек пен сутектен тұрады. Сондықтан олар ыдыраған кезде (оттекпен қосылғанда) көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Ол сол үш элементтен (сутек, оттек, көміртек) тұрады.
Ал нәруыз құрамына міндетті түрде азот кіреді. Нәруыздар толық ыдыраған кезде құрамында азот бар соңғы (зиянды) заттар түзіледі. Бұлар құрамында азот бар заттардың негізгі үш тобы: аммиак, несепнәр (мочеâина) және зәр қышқылы. Әртүрлі жануарлар ағзасында бұл заттар түрлі арақатынаста немесе олардың біреуі түзіледі. Адам және басқа сүтқоректілер үшін азот бар негізгі шлак – несепнәр (мочевина) болып табылады.
Көмірқышқыл газы жануарлар ағзасынан тыныс алу мүшелері арқылы шығарылады Ал өсімдіктерде жапырақ саңылауы арқылы шығарылады. Су мен құрамында азот бар зиянды заттар, сондай-ақ артық тұз мөлшерін бөлу мүшелері (бүйрек) арқылы зәрмен және тері арқылы термен шығарылады. Бауыр құрамында азот бар шлакты ша- малы улылығын азайтып, бүйрек арқылы шығаруға қолжетімді ету үшін химиялық реакцияларға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет