Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақстың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың жабдығы: Бөлме өсімдіктері отырғызылған құмыралар, шүберек, су сепкіш, түрлі – түсті қағаз, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушылармен сәлемдесу, кабинет тазалығын реттеу).
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1) Психологиялық көңіл — күй
— Жан – жақтарыңа көз тастаңдар, гүлдерге қарап,
жылы жымиыңдар. Айналадағы гүлдер сендерге қандай көңіл – күй сыйлады? Бір – біріңе жақсылық тілеңдер.
2) Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс
— Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.
— Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?
— Үйлеріңде қандай бөлме өсімдіктері бар? (Аттарын
атап көріңдер).
— Сен ол өсімдіктер дұрыс өсуі үшін қалай күтесің?
— Сынып бөлмесінде қандай өсімдіктер бар? (Аттарын атату).
Оқушылар өздерінің қалай отырғызу керек, қалай күту керектігі туралы білетіндерін ортаға салады. Оқушылардың өсімдіктер туралы қандай қызықты мәліметтер білетінін, естігендерін, теледидардан көргендерін айтқызу
Үйде тұрып өсетін
Әкеп гүлдің көшетін,
Топырақты салдым да,
Отырғаздым қалбырға.
Жел ысқырып күз келді,
Жапырақтар түсті енді.
Жаурамасын біліп гүл
Тысқа қарап күліп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |