3) Оқушылармен жұмыс
Оқулық мәтіні бойынша балалар бөлме өсімдіктерінің тарихы туралы мәліметтер біледі.
— Сен үйіңде және мектепте бөлме өсімдіктерін көріп жүрсің. Көп жағдайда оларды «алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені, ол өсімдіктердің тұқымы мен өскіндері алыстағы ыстық елдерден әкелінген. Адамдар оларды үй ішінде өсіп — өнуге бейімдеген. Сондықтан олар «бөлме өсімдіктері» деп аталады.
— Олар өз отанында ашық күннің аясында, әрдайым жылылықта тіршілік етеді. Біз оларға соған ұқсас жағдай жасауымыз керек. Бөлме өсімдіктерінің тіршілік иесі екенін естен шығармауға тиіспіз. Оларды баптап күту керек. Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағына қонған шаңды сүртіп отырған дұрыс.
— Бегонияның түсі әртүрлі, биіктігі 15 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бегонияның отаны – ыстық жақтың ылғалды ормандары. Оның жапырақтары ірі болады, өйткені оның отынанда ылғал, жылу, жарық мол.
— Ал, кактусты «жасыл кірпі» деп атайды. Кактустың отаны – Американың шөлді далалары. Олар сабақтарына су қорын жинап қояды. Оны, көбінесе, компьютерлердің жанына қояды.
— Бөлме өсімдіктері мейіріммен қарағанды, өзімен әңгімелескенді жақсы көреді. Көптеген бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |