Сабақтың тақырыбы: Бұрандалы қосылыс. Сыныбы: 8 «А» Пәні: Технология Сабақтың мақсаты



Дата24.05.2017
өлшемі55,57 Kb.
#16854
түріСабақ
Ахметов Құдайберген

№ 35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің

технология пәні мұғалімі.

Тереңөзек кенті, Сырдария ауданы,

Қызылорда облысы.

Сабақтың тақырыбы: Бұрандалы қосылыс.

Сыныбы: 8 «А»

Пәні: Технология

Сабақтың мақсаты:

Ойма және бұранда жону туралы техникалық-технологиялық білім қалыптастыру.



Сабақтың міндеттері:

1.Бұйым бөліктерін өзара бұрандалы байланыстыру түрінен жалпы түсінік беру.

2.Оқушыда ойма түрлері мен бөліктері туралы білім қалыптастыру.

3.Оқушыда бұранда дайындау технологиясымен байланысты терминологиялық сөздік қор қалыптастыру.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ, кешенді.

Сабақтың әдісі: Көрнекі баяндау, репродуктивті.

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері.



Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Технология 12 жылдық мектептің 8 сынып оқулығы

О.А.Пак, А.А.Сайлыбаев.

2. «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А. Балғожаев Қызылорда 2006ж

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2.Оқушы назарын сабаққа аудару.

«Бағдаршам» әдісі:

әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті стикерлер арқылы белгі береді:«жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес.

Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.

Қызығушылықты ояту кезеңі.

Металл жону білдегінде қандай бұйымдар жасалады?



II. Үй тапсырмасын тексеру.

Металл жону білдегі.

«Кім біледі?» ойыны. Металл жону білдегінің бөліктерін слайд арқылы сұрау «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.

Кескіштердің қандай түрлерін білесің?

Кескіштер қандай элементтерден тұрады?

Өтпе кескіштерді не үшін пайдаланады?

Білдекті қосу мен тоқтату қалай іске асырылады?

III. Үй тапсырмасын бекіту.

Сөйлейтін сандар



58

81

30

42

32

18

72

63

28

36

27

20

45

16

48

15

25

ғ

ш

м

е

у

г

д

н

о

л

е

б

і

і

а

е

і

6х5 8x4= 9x5=

7х6= 3x6= 4x4=

8x7= 4x7= 6x8=

9x9= 9x8= 4x5=

6x6= 5x3=

9x7= 9x3=

5x5=

IV. Жаңа сабақ.

Ойма туралы түсінік. Ойма элементтері мен түрлері.



Ой қозғау. Ойма туралы не білесіңдер?

Бөлшектерді өзара біріктірудің көп таралған тәсілдерінің бірі – бұрандалық қосылыс болып табылады. Ойма дегеніміз – өзекте немесе тесікте пайда болатын бұрамалық бунақтар мен орамдар. Бұрандалы өзекті шартты түрде бұрандалық (гайка) деп атайды. Егер сомынды бірдей бұрандалы оймаға кигізіп, ойма осі бойымен айналдырып бұрасақ, онда сомын ойма бойымен жылжып ауысады.

Оймалар сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы ойма – бұл өзектегі ойма. Ішкі ойма – тесіктегі бұранда.

Бұрандалы қосылыстың әртүрлі типтері бар.

(сурет)

Ойманың көптеген элементтері бар. Олардың ішіндегі маңыздылары: ойманың пішіні, ойманың қадамы, сыртқы, ортаңғы және ішкі диаметрлері.



Пішін-бойлық бағыттағы шығыңқылық пен ойымның кескін көрінісі.

Орам-пішіннің толық бір айналымында пайда болатын ойманың бір бөлшегі.

Бұранда қадамы(р)-осі бойымен өлшенетін, көрші екі орам ұштары арасындағы қашықтық. Сыртқы диаметр – ойманың қарама-қарсы ұштарының арасындағы ең үлкен қашықтық. Ортаңғы диаметр – ойманың екі қарама-қарсы пішінінің ортасы арасындағы қашықтық. Ішкі диаметр – ойманың қарама-қарсы ойымдары арасындағы ең аз қашықтық. Пішініне байланысты оймалар үшбұрышты, трапециялы, тікбұрышты, таянышты, дөңгелек болып бөлінеді.

Ең көп тарағаны – үшбұрышты оймалар, олар дюймді, құбырлы және метрикалық болып бөлінеді.

Бұрамалы бунақ жасаудың екі тәсілі бар – жоңқа алып (ойып) және жоңқа алмай (домалатып).

Ойылатын бет пішіні бойынша цилиндрлік және конустық оймалар болып ажыратылады.

Ойма кірмесі бойынша (көлденең қима орамдары) бір рет бұралатын және көп рет бұралатын болады.

Сергіту кезеңі.

Интерактивті тақтаның көмегімен бұранданың элементтері мен түрлері туралы видео ролик көрсету.

Не көрдіңдер, не қызықтырды?

V. Жаңа сабақты бекіту.

1. Ойма дегеніміз не және ол не үшін қолданылады?

2. Ойманың түрлерін атаңыз?

3. Орамы бағытына байланысты ойманың қандай түрлері болады?

4.Ойманың бөліктерін атаңыз?

5. Ойманың пішіні деген не?

6. Үшбұрышты оймалар қандай түрлерге бөлінеді?

7. Метрикалық ойма дегеніміз не?

8. Бұрамалы бунақтың пайда болу тәсілдері қандай?

9. Ойма кірме саны бойынша қандай болады?

«Өзіндік мысал» ойыны:

Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.



VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма беру

«Идеал тапсырма» әдісі:



Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Біреу қосымша дерек жинаса келесісі сурет салуы, үшіншісі көркемдік бұйым жасау үшін технологиялық карта құрастыруы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет