Сабақтың тақырыбы: Бұрылыстар. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата04.02.2022
өлшемі365 Kb.
#130711
түріСабақ
Байланысты:
Бұрылыстар. 5-сынып


Қысқа мерзімді жоспары

Мектеп

«Жақсы ауылының №1 ЖОББМ» КММ

Бөлім

Роботтехника

Педагогтың аты-жөні

Кантарбаева А.С.

Күні

04.02.2022

Сынып: 5 а

Қатысушылар саны

15

Қатыспағандар саны

-

Сабақтың тақырыбы:

Бұрылыстар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.3.2 – роботты көрсетілген градусқа бұру үшін бағдарламалар жасау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсінеді.

Көптеген оқушылар:

роботты көрсетілген градусқа бұру үшін бағдарламалар жасайды

Кейбір оқушылар:

Робот қозғалысында геометриялық фигуралардың қасиеттерін қолдану туралы түсінік береді.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Роботтың қозғалған кезінде бұрылыс жасау үшін гироскопиялық датчиктер қолданамыз.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.







Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1-тапсырма.
«Балара» роботы.
Балараның ұясы алтыбұрышты фигураға ұқсайды. Алтыбұрыш- ауданы тиімді пайдалану үшін ең ыңғайлы геометриялық фигура. Алтыбұрышты ұяның дөңгелек тәрізді ұядан артықшылығы- індердің арасында ешқандай бос орын қалмайды. Ал дөңгелек тәрізді індердің арасында бос кеңістік қалады.
8-суретте «Балара» роботының программасы келтірілген. Программаны роботқа енгізіп, тексер. Қандай нәтиже аласың? Анықта.

Дескриптор:


-«Балара» роботының программасын роботқа енгізеді.
-Алатын нәтижені анықтайды.

ҚБ: стикер / 6 балл/


Топтық жұмыс. 2-тапсырма.


-Геометриялық фигуралардың қасиеттерін робот қозғалысында қалай қолдануға болады?

Дескриптор:


- Робот қозғалысында геометриялық фигуралардың қасиеттерін қолдану туралы түсінік береді.

ҚБ: стикер /4 балл/



Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды





Стикер
6 балл


Стикер
4 балл



Интербелсенді тақта/ компьютер
компьютер



Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:


Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 3.4-3.5 79-бет, «Жинақтау» тапсырмасы











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет