Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Кейбір алғыр оқушылар жәндіктер немесе омыртқасыздар деп жіктеген тобын тағыда 3 топқа (өрмекшітәрізділер, бунақденелілер, шаянтәрізділер) жіктеу тапсырмасы ұсынылады.
Жылдам жұмыс істейтін оқушыларға буынаяқтылар өкілдерінің қосымша түрлері беріліп, соларды кластарға жіктей отырып, бинарлы номенклатура бойынша атау тапсырмасы беріледі.
Сұрақтарға жауап беру қосымша тапсырмасын орындау ұсынылады
Үлгерімі төмен оқушыларға буынаяқтылардың негізгі сипаттамалары қосымша беріліп, соларға сүйне отырып, тапсырмаларды орындау ұсынылады
Кейбір оқушыларға дихотомиялық кілтпен жұмыс жасау тапсырмасы қосымша тапсырма ретінде ұсынылады.
(3-қосымша)
|
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?
|
Тақырып бойынша топпен жұмыс істеуде
Кері байланыс – жануарлар түрін анықтау арқылы
Кесте толтыруы бойынша
Зертханалық жұмысты қорытындылау бойынша
|
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері
|
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
Ылғал препараттар мен жинақтар, тұлыптармен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтау ескертіледі.
Оқушылар зертханалық жұмыс кезінде белсенді қимыл жасайды.
|