Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9-бөлім
Әлемдегі ірі кітапханалар
Морфология
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Букроссинг» ерекшелігі
( Үстеудің емлесі)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.
|
Бағалау критерийі
|
нақтылау сұрақтарын құрастырады;
нақтылау сұрақтары арқылы мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтайды;
үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады;
синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарлан
ған кезеңдері
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөз
дер
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Үстеудің емлесі.
Негізгі және туынды түбір үстеулер
|
Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер
|
Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер
|
Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулер
|
Көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ерте, кешке, бұрын, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай, т.б.
|
Көпшілігі айтылуынша, яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, жаздыгүні, ендігәрі,т.б. сөздер айтылуынша жазылады. Бұлар бұл+күн, жаздың+күні, ендігіден+әрі, деген сөздерден біріккен. Ал таңертең, бірқыдыру, әлдекімше сияқты күрделі үстеулердің сыңарлары түбір тұлғасын сақтап жазылады.
|
Бұндай күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез (киді), бірте-бірте (жүріп кетті), жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін (отырды), күні-түні (істеді) т.б.
|
Бұндай күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Мысалы: таң сәріде (тұрды), күні бойы (дайындалды), қаннен қаперсіз (отыр), ала жаздай (ән салып) т.б.
|
«Буккросинг» сөзі нені білдіреді?
Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |