В) Жыл мезгіліне сипаттама:
Қазір қай мезгіл?
Қысқы табиғатқа қысқаша мінездеме беріп өтіңдер.
Қыс қандай?
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі өздерің білесіңдер.
Еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл толғалы отыр?
Ендеше біз осы сабағымызда Тәуелсіз еліміз секілді 20 шыңға шықпақпыз.
Сендер мына сандар жазылған қағазды көрдіңдер ме? Сол қағаздағы сандарды өз білімдерің арқылы көрсетесіңдер. Егер сабаққа жақсы қатысып, мұғалімнің айтқанын тыңдап, сұрақтарға жауап беріп отырсаңдар. Мен мына сандарды (5, 10, 15, 20) бірте-бірте ашамын. Сосын мына сандардың артындағы суретті табамыз.
Ол не екенін білгілерің келе ме?
16 жетоқсанда қандай мереке бар?
Достарыңызбен бөлісу: |