Ц дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі.
Ц дыбысына байланысты суреттер көрсетіп, оларды буынға бөлдіріп, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Электронды оқулықпен жұмыс. (1- слайд)
Мынау цирк. Циркте болмаған бала жоқ шығар. Ондағы сайқымазақтың өнері қандай? Үйретілген хайуанаттардың өнерін айтсаңшы. Осы цирк сөзі қандай дыбыстан басталады? Білесің бе? Бірге айтайық. Ц – Ц – Ц.
Цц – мынау ц дыбысының таңбасы. Баспаша түрі Ц дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз. Ол тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады. Сөздерді мұқият тыңда. Ц дыбысы бар сөздерді есіңде сақта!
(Суреттерге назар аударып, атауында ц дыбысы бар суреттерді көрсет)
Дәптермен жұмыс. (4-слайд)
а) Ц дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.
ә) Ц әріпін ауада жазып көрсету.
б) Ц әріпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге жазу.
Ц әрпін әдемі жазып үйренейік. Ц әрпінің бас әрпі. Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламынды қой. Солдан оңға қарай доға жасай отырып, тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасай отырып, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Бастапқы ілгектен оңға қарай жылжып, қаламынды қой да тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасап, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Ілгекке жалғастыра төмен тартып бау байлаймыз.
Сергіту сәті: «Ойлайық та, ойнайық!» (5-слайд)
(Көп нүктенің орнына ц әрпін қойып, сөздерді оқы.
Жазылуын есіңде сақта)
Сабақты бекіту. Кеспе әріптерден ц дыбысына сөздер жазғызу.
Дыбыстарды дауысты және дауыссызға ажыратып, тиісті киіз үйге апар.