Сынып: 3
Пән мұғалімі: Мемейхан Жанаргүл.
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру және тілдік, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, сөзжұмбақ, суреті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
Біз бүгінгі сабағымыздың барлық тапсырмасын орындасақ.
ІІ. Үй тапсырмасы: Щ дыбысы мен әрпі
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны
а) Щ дыбысы бар сөздерді айту;
ә) Щ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу
щи, борщ, а - щы, тұ - щы, щет - ка
ІІІ. Жаңа сабақ
«Ц дыбысы мен әрпі»
- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.
- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Ц дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қане, бәріміз тақтаға қарайық. Тақтадағы суреттерге қарап, сөздерді қайталау.
Цех, цирк, концерт, цифр, цемент, цистерна
Жазылуы – Цц, баспа түрі – Ц ц
«Ц» дыбысы – дауыссыз, қатаң дыбыс
Біз ц дыбысын қай кезде айтамыз?
Суретпен жұмыс
Суретке қарап, сөйлемді құрастыру
Циркте сайқымазақ пен ит көрсетті. Ит шығыршықтан секіруге дайындалып тұр.
« Кім тапқыр?» ойыны
Түсіп қалған әріптерді орнына қой
... ирк, кон... ерт, ... ех, ... емент
а... ы, тұ... ы, ... етка, бор...
Сөзжұмбақ шешу:
1. Көру мүшесі
2. Түрлі көкөніс қосып пісірілетін тағам
3. Циркке кім барды?
4. Сандарды жазу үшін пайдаланамыз.
5. Құрылыс материалы.
6. Сайқымазақтың өнер көрсететін орны.
7. Астың дәмін келтіретін тағам
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
Ү. Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Жеке жұмыс:
Тез тапсырма орындаған балаға карточкалар таратып, ондағы сөздерге дыбыстық талдау жаса
Шығармашылық жұмыс:
«Концерт» тақырыбына әңгіме құрастыру
Мектепте мерекеге арналған концерт болды. Досан домбырамен күй орындады. Маржан ән айтты. Айбек өлең оқыды. Айгүл би тобы би биледі. Балалардың өнері тамаша болды.
«Қарлы кесек» ойыны
Соңғы дыбысқа сөз ойлау
Айна, ағаш, шеге, етік
Сайқымазақтың алтыншы бөлігін құрастыру
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
- Ц дыбысы қандай дыбыс?
- Ц қатаң дауыссыз дыбыс.
- Ц дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сөздің басында, ортасында кездеседі.
ҮІІ. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: Ц ц дыбысы мен әрпін оқу
Достарыңызбен бөлісу: |