Сабақтың тақырыбы: Цитологияға кіріспе

бет2/9
Дата03.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#167284
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Цито

Роберт Гук тұңғыш рет үлкейтіп көрсететін шынының көмегімен тозағашының құрылысын зерттеп, оның «жасушадан» тұратынын анықтады. Кейін өсімдіктердің өсіп дамуын бақылай келе М. Мальпиги (1671), II. Грю (1671) бұл жаңалықтарды толық дəлелдеді.
  • А. Левенгук (1680) бірінші рет қан құрамында эритроциттердің барын анықтаса, Фантана (1781) жануарлар жасушаларындағы небір құпияларды ашты. Осыдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының құрылыстары белгілі бола бастады. Жасушаның құрамындағы негізгі элемент — протоплазма (Пуркине 1830) мен ядро (Браун 1833) табылды. Осы мағлұматтарды негізге алып əрі əр түрлі ұлпалардың құрылысын, дамуын жан-жақты зерттеп, соңынан нəтижелі қорытындыларын саралай отырып, 1838—1839 жылдары Т. Шванн өзінің атақты жасуша теориясын жазды.
  • Бұл жаңалық табиғаттану ғылымдарында бұрын-соңды болмаған ұлы жетістіктердің бірі еді. Т. ІІІванның тұжырымы бойынша жасушаның пайда болуы өсімдіктерге де, жануарларға да қатысы бірдей заңдылыққа бағынады. Ғалымның ой елегінен өткізілген осы қағида органикалық дүниенің даму заңдылығын тағы да бір қырынан көрсетті.
  • Ф. Энгельстің жасуша теориясын XIX ғасырдағы ұлы жаңалықтардьң бірі деп атауына да осы негіз болса керек.

  • Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет