«Cos х = а, Sin х = а, tg х = а, ctg x = a түріндегі қарапайым тригонометриялық теңдеулер.»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарапайым тригонометриялық теңдеулер туралы түсінік беру, қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық : Білім алушыларды өз бетімен іс-әрекет ете білу дағдысын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденістерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі:Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар, тест тапсырмасы